ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық SMALL&SPAR бизнес, мәдениет және Димашпен бірлескен ынтымақтастық туралы

SMALL&SPAR бизнес, мәдениет және Димашпен бірлескен ынтымақтастық туралы

Басты жаңалық SMALL&SPAR бизнес, мәдениет және Димашпен бірлескен ынтымақтастық туралы

SMALL&SPAR бизнес, мәдениет және Димашпен бірлескен ынтымақтастық туралы

13 және 14-қыркүйекте Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерттері дүркіреп өтті. Жобаның титулдық демеушісі SMALL&SPAR желісі болды. Бүгін DimashNews редакциясы компания директоры Максим Абдуразақовпен бизнестің өрбуі және DimashAli шығармашылық орталығымен ынтымақтастық жайлы әңгімелесуде.

Қазақстанның ірі сауда желілерінің бірі SMALL&SPAR компаниясы өзінің 25 жылдығын атап өтуде. Алғашқы SMALL 1999 жылы Алматыда ашылды. Бүгінгі таңда SMALL&SPAR желісі еліміздің 17 қаласында 145-тен астам дүкендерді қамтиды. SMALL&SPAR қолжетімді бағамен күнделікті тауарлардың кең ассортиментін ұсынады. Ассортиментте 40 000-нан астам тауардың түрі бар. Компанияда 12000-нан астам қызметкер жұмыс істейді.

– Сіздің компанияңыздың «Барлығы SMALL-дан сатып алады» ұраны әрбір сатып алушыға ерекше көңіл бөлу маңыздылығын және барлық тұтынушылар үшін ең таңдаулы дүкен болуға ұмтылатынын көрсетеді. Осы тұрғыдан компанияңыздың стратегиясы туралы толығырақ айтып берсеңіз.

«Барлығы SMALL-дан сатып алады» ұраны біздің басты мақсатымызды айқындайды — әрбір сатып алушының негізгі таңдауы болу. Біз әрдайым жоғары сапалы қызмет, тауарлардың кең таңдауы және қолжетімді баға ұсынуға мән береміз. Тұтынушыларымыздың әртүрлі қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру біз үшін аса маңызды болып саналады.

– SMALL&SPAR қолжетімді тауарларды ұсынумен қатар, дизайнерлік шешімдер мен жайлы атмосфераны үйлестіре отырып, жаңартылған дүкен форматтарын енгізуде. Компанияның осы бағыттағы стратегиясы мен алдағы жоспарлары туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?

– Біздің жұмысымыздағы ең маңыздысы – тұтынушыларымыздың қажеттіліктері мен сұраныстарына негізделген сатып алу тәжірибесін жақсарту. Ассортиментіміз жергілікті өндірушілердің өнімдерімен үнемі толықтырылып отырады, бұл бізге жергілікті жеткізушілерді қолдап, сатып алушыларға балғын әрі сапалы өнімдер ұсынуға жағдай жасайды. Компанияның жеке логистикалық инфрақұрылымы шетелдік өндірушілермен тікелей жұмыс істеп, тауарларды қолжетімді бағамен жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің стратегиялық бағыттарымыздың бірі – өзіндік сауда маркасын (ӨСБ) дамыту.

Брендтеріміз – «Выгодно», «Страна традиций», «Fish Master», «White Home» және «Шашу» — сатып алуды қолжетімді әрі тиімді ете отырып, баға мен сапаның тамаша үйлесімін қамтамасыз етеді.

Біз сатып алушыларымыз үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз. Компания клиентке бағдарлану стандарттарын қатаң ұстанады және процестерді жетілдіру, сатып алушыларға ыңғайлы ортаны қалыптастыру үшін үздіксіз жұмыс жүргізеді. Жаңартылған SMALL&SPAR дүкендерінде біз сатып алушылар үшін жағымды атмосфераны жасауға ерекше назар аудардық.

Мұнда ашық асүйлері бар фуд-кеңістікте өзіндік өндірістің  балғын тағамдарынан дәм тата аласыз, сөрелерде тауарлардың кеңейтілген ассортименті ұсынылған. Сонымен қатар дүкендерімізде тұрақты жеңілдіктер мен тиімді науқандар ұсынылады. Біз қызмет көрсету сапасының деңгейін арттыру мақсатында жаңа технологияларды енгізе отырып, дүкендерімізді жаңартуды жалғастырамыз. Сатып алу процесі әрбір сатып алушы үшін ыңғайлы, жайлы және жағымды болуы біз үшін маңызды болып табылады.

– SMALL YouTube арнасында көрерменді Қазақстанның жарқын тұлғаларымен, бірегей тарихымен және таңғажайып мәдени дәстүрлерімен таныстыратын «Біздің Қазақстан» жобасының шығарылымдары үнемі шығады. Бұл жобаның пайда болуы мен мақсатын атап өтсеңіз.

– «Біздің Қазақстан» жобасы Қазақстанның мәдениеті мен тарихын қолдауға және насихаттауға деген ынтамыздан пайда болды. Біз еліміздің бай мәдени мұрасын ғана емес, сонымен қатар оның болашағын қалыптастыратын шабыттандыратын оқиғаларды танытуға арналған платформа құрғымыз келді. Жобаның негізгі мақсаты — Қазақстанның бірегейлігі мен әртүрлілігін көрсетіп, баршамызды біріктіру. Біз үшін бұл тек медиа өнім емес, ұлттық мәдениетті сақтау ісіндегі үлесіміз.

– SMALL&SPAR компаниясы Астанадағы Димаш Құдайбергеннің жеке концерттерінің титулдық демеушісі болды. Осы жобаға дейін сіздер «When I’ ve got You» композициясына музыкалық бейне жасауда серіктес болдыңыздар.

Димаштың шығармашылығында не қызықтырады, DimashAli шығармашылық орталығымен ынтымақтасуға шешім қабылдауға не себеп болды? Сол жайында айтып берсеңіз.

– DimashAli шығармашылық орталығымен ынтымақтастық идеясы өздігінен пайда болды, себебі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарға шабыт береді. Біз Димашты халықаралық аренада Қазақстанды мақтанышпен танытатын еліміздің символы ретінде қарастырамыз және осындай дарынды тұлғаны қолдауға мүмкіндігіміз болғанына қуаныштымыз. Оның туған халқына шынайы және адал бола отырып, еліміздің мәдени құндылықтарын әлемдік деңгейде дәріптеу қабілеті бізді ерекше қызықтырады.

Біздің ынтымақтастығымыз «When I’ ve got you» композициясына арналған музыкалық бейне жобасынан басталған болатын. Бұл тәжірибе Димаштың шығармашылығы біздің құндылықтарымызға сәйкес келетінін көрсетті. Біз SMALL&SPAR-дің 25 жылдығына арналған ауқымды жарнамалық науқан аясында Димаштың Астанадағы жеке концерттерінің титулдық демеушісі бола алғанымызды мақтан тұтамыз.

DimashAli-мен ынтымақтастық – Қазақстанның орасан зор мәдени және жасампаздық әлеуеті бар ел екенін әлемге көрсетуге деген ортақ тілегіміз.

– Ынтымақтастығыңыз үшін және DimashAli шығармашылық орталығының жұмысын қолдағаныңыз үшін алғыс айтамыз. Жұмыстарыңызға табыс, шығармашылық идеялар, сәтті шешімдер мен тұрақты даму, өсіп-өркендеу тілейміз!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Венгрия премьер-министрінің резиденциясында өнер көрсетті

20 қарашада Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның кеңсесі орналасқан ғимаратта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары құрметіне салтанатты қабылдау өтті. Шараға ел делегациясы...

Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды

Брешиа қаласының тарихи радиостанциясы болып табылатын Radio Bresciasette Италияда Димаш Құдайбергеннің апта сайын музыкасын тарататын алғашқы радио. Сенбі және...

Канадалық La Press газетінде Димаштың суреті берілген баннер жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері Канададағы айына 4 миллионға жуық оқырманды қамтыған әйгілі La Presse газетіне жарнама ұсынды. 2024 жылдың...

Әбілмансұр Құдайберген Астанада өткен концерт-спектакльде өнер көрсетті

9 қарашада Астанадағы Mega Silk Way кешеніндегі «LA’Театрда» белгілі әртістердің қатысуымен концерт-спектакль өтті. Елордадағы «Sen men Sàt» музыкалық театрының шығармашылық...

Димаш Құдайберген Елисей сарайында өнер көрсетті

4-5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Париж іс-сапары Қазақстан делегациясының құрамында дипломатиялық,...