ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Үш жылда – әлемнің үш аймағы: Димаш Құдайбергеннің «Stranger»...

Үш жылда – әлемнің үш аймағы: Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концерттік туры әлемнің 13 елін бағындырды

Dimash World Үш жылда – әлемнің үш аймағы: Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концерттік туры әлемнің...

Үш жылда – әлемнің үш аймағы: Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концерттік туры әлемнің 13 елін бағындырды

«Қазақстан – Армения – Венгрия – Қытай – Малайзия – Түркия – Чехия – Германия – АҚШ – Мексика – Испания – Ұлыбритания – Латвия» – Димаш Құдайбергеннің «Жаһанкез» атты шығармашылық сапары 2022 жылы Алматы қаласында басталып, елдер мен құрлықтарды аралай келіп, 2025 жылы Ригада мәресіне жетті.

Ағылшын тілінен аударғанда «Stranger» атауы бірнеше мағынаны білдіреді, әрі олардың барлығы үш құрлықты қамтып, 13 елде көрсетілген бұл ауқымды шоуға мазмұндық тұрғыдан толық сәйкес келеді.

Турға атау болған ән мәтініне сүйенсек, «Жаһанкез» атауы ең дәл әрі мағыналық тұрғыдан орнықты нұсқа екені анық:

«Жаңа жер – көзім жеткендей,
Жаңа жер – табанымның астында.
Бөгде елдегі жолаушы –
Өзімді тануға берілген жаңа мүмкіндік…»

Сонымен қатар, шетелдік көптеген бұқаралық ақпарат құралдары бұл атауды «Бейтаныс»деп түсіндіріп жүр. Себебі тур аясында Димаш бірқатар елдерге алғаш рет барды.

Осы атауларды өзара сабақтастыра отырып және Димаштың өз сөздерін еске алсақ, алыс теңіздер мен мұхиттардың ар жағындағы бұл сапарлардың негізгі мақсаты – туған елінің мәдениетін мүмкіндігінше кең аудиторияға таныстыру екені айқындалады.

Әдеттегідей, турды Қазақстаннан бастаған өнерпаз музыка арқылы өз миссиясын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Ол музыканы терең сезінетін, бірлік пен бейбітшілікке ұмтылатын, шынайы әрі артық сентиментализмнен құралмаған махаббатты көруге және тыңдауға ниетті жандарды біріктіретін ерекше рухани орта қалыптастырады:

«Махаббат толқындары сахнадан залға, залдан сахнаға қайта оралып жатты. Бұл цунамиден Димашты алып кетпегені, бәлкім, бүкіл концерт болып оның қолынан ұстап тұрғандықтан болар. Ол да сол қолды жібермеді. Шын мәнінде, бәрі де соған мұқтаж еді».

Тур бағдарламасының қалай жасалатыны жөнінде Димаштың ата-анасы – Қанат және Светлана Айтбаевтар баяндады. Олардың айтуынша, шоу концепциясын ең алдымен Димаштың өзі айқындайды. Ол концертке таңдалған шығармаларды ескере отырып, бағдарламаны өз режиссерлік көзқарасына сай құрастырады. Одан кейін режиссерлік топ іске кірісіп, идеялар жан-жақты талданып, нәтижесінде дайын жоба қалыптасады.

Тур аясындағы алғашқы концертті дайындау барысында шығармашылық, техникалық және ұйымдастырушылық топтардан тұратын 200-ден астам адам жұмылдырылған. Алматы мен Астанада техникалық жабдықтарды орнату жұмыстарына ғана жүзден астам маман қатысқан. Ал костюм шеберлерін, волонтерлерді және өзге де сала қызметкерлерін есепке алғанда, мұндай концерттерге шамамен 400 адам тартылған.

Шетелдік концерттерді ұйымдастыру жұмыстары концерт өтетін уақыттан 7–9 ай бұрын басталады. Бұл ретте қабылдаушы елдің заңнамалық талаптары мен менталитеттік ерекшеліктері ескеріледі. Гастрольдік құрам Қазақстаннан, Испаниядан, Ресейден, Кубадан, Германиядан және Қытайдан аттанатын музыканттардан, концерт әкімшілерінен, техникалық персоналдан тұрады. Бұлар – өз ісінің кәсіби, тәжірибеден өткен мамандары. Ал концерт өтетін елдің өзінде промоутерлер мен концерт алаңы қызметкерлері қосылып, шамамен 200 адамнан құралған біртұтас команда қалыптасады.

Концерттен кейін жазылған пікірлердің бірінде: «Димаштың мұны қалай жүзеге асыратыны түсініксіз, бірақ әрбір жаңа концерті – жаңа бір өмір секілді» делінген. Шынында да, шоудағы белгілі бір сәтті атап өтсеңіз, Dears жанкүйерлері оның қай қалада, қай концертте болғанын бірден айта алады.

Баласын қолына алған күйде орындалған «Знай» – Анталияны еске түсіреді. 11 жастағы Габриэланың орындауындағы «Ave Maria» – Дюссельдорфтағы әсерлі сәттер. Ал Димаштың алғашқы әуе акробатикасы – Астанада орындалған «Любовь уставших лебедей».

Үш жыл ішінде Димаштың концерттерінде көптеген танымал қонақтар болды. Қабылдаушы елдің құрметті қонақтары ретінде Халук Левент, Сити Нурхализа, Бурак Йетер өнер көрсетті. Нейтан Вангпен бірге Димаш алғаш рет сахнада Джеки Чанның «Авангард» фильмінің саундтрегі – «Happy» әнін ұсынды. Ренат Гайсинмен бірге «Қайран елім» композициясы арқылы көрерменді күрделі тарихи естеліктер әлеміне жетеледі. Ал Madison Square Garden сахнасында Уолтер Афанасьев «Love’s not over yet» әнін орындап, әртіске сүйемел жасады.

Көптеген концерттерде көрермендер Димаштың авторлық әндерінің премьерасына куә болды: Алматыда – «The Story of One Sky» және «El Amor En Ti», Гонконгта – «When I’ve Got You» мен «Smoke», Астанада – «Fire», Нью-Йоркте – «Самғау» және «Living For The Game» туындылары шырқалды.

Сондай-ақ, әртіс кейбір қалаларда жергілікті тыңдармандарды қабылдаушы елдің тіліндегі әндермен қуантты: Ереванда – «Сарери овин мернем», Ыстамбұлда – «Gesi Bağlari», Барселона мен Мехикода – «Besame mucho».

Әртісті түрлі қалаларда бірге аралаған жанкүйерлері Димаш есімінің өздеріне сапар барысында да көмектескенін айтады: такси жүргізушілері әншінің атын ести сала қаласы туралы қуана әңгімелессе, қонақүй иелері қиын сәтте қолдау көрсете білген.

Сондай әсерлі әңгімелердің бірінде Прагада қонақүйсіз қалу қаупі туған сәтте Димаштың есімі көмекке келгені туралы анасы мен қызының диалогы келтіріледі:
«Мықты екен сіздің Димашыңвз, – деді қызым, – барлық есікті ашады».
«Ол есіктерді емес, адамдарды, олардың жүректерін ашады, – дедім мен, – ал адамдардың жүрегін ашу – әлдеқайда қиын нірсе».

Жанкүйерлер мен әртіс арасындағы тағдырлар мен оқиғалардан өрілген мұндай берік байланыс, сөзсіз, мынадай сұраққа берілген жауаппен айқындалады.

«Сіз жанкүйерлерге қаншалықты тәуелдісіз?» деген сауалға Димаш былай дейді:
«Қарапайым тілмен айтқанда – максималды түрде. Кез келген әртіс үшін, соның ішінде мен үшін де, көрерменсіз бұл кәсіптің мәні жоқ екенін түсінемін. Мен неоклассика жанрындағы бағытымды сақтай отырып, әртүрлі стильде, түрлі бағытта ән айтамын. Музыкамның жаппай қалай қабылданатынына аса қатты тәуелді болуға тырыспаймын, себебі ол белгілі бір деңгейде өзіндік ерекшелігі бар музыка. Барша көрерменге мені барлық істе қолдап жүргендері үшін алғыс айтамын. Мені сіздермен қауыштырғаны үшін Аллаға мың шүкіршілік айтамын».


Димаш Құдайберген

2025 жылы Димаш Қытай, Қырғызстан, Вьетнам сияқты елдерде концерт беріп, Алматы мен Ақтауда жерлестерімен кездесті. Сондай-ақ алғаш рет Африка құрлығына – Мысыр еліне табан тіреді. Бұл – алдағы жолдың ашық екенін, алда талай тың әрі маңызды шаралардың тұрғанын білдіреді.

Құрметті достар! Өнер иесінің жолына қанатындағы желдей серік болып, оны алыс құрлықтарға жетелеп, туған елдің мәдениетін әлемге танытуға үлес қосып жүргендеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіздерді Рождество және Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Алда бізді жаңа кездесулер мен жаңа қалалар күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аспаздық шеберлік сабағы өтті

Ақпан айында Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Төтенше және Өкілетті Елші Ерлан Баударбек-Қожатаевтың қолдауымен «Uly Dala Dami» атты қазақ асханасына арналған...

«Voice Beyond Horizon» жобасының екінші эпизодында Димаш Құдайберген әлемге Түркістан шаһарының әсемдігі мен рухани даналығын көрсетті

Мыңжылдықтар бойына келбетін сақтаған қасиетті қала алтын түсті жылы реңкке бөленіп, таң шапағы Түркістан аспанын нұрландырды. Сегіз саяхатшы Қытай,...

Димаш Құдайберген «Ғашықтық» атты жаңа авторлық композициясын жарыққа шығарды

11 ақпанда продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасына қызу қолдау білдірген тыңдармандарына алғыс ретінде Димаш Құдайберген «Ғашықтық» атты жаңа композициясын...

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жобасының тұсаукесеріне Қытай мен Қазақстанның музыкалық сарапшылары мен БАҚ қолдау көрсетті

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының тұсаукесері Қытай және Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген оң пікірлерге ие болды....

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» бағдарламасының тұсаукесері – алғашқы нәтижелері

Димаш Құдайберген орындаушы продюсері атанған «Voice Beyond Horizon» музыкалды реалити- шоуының алғашқы эпизоды , экранға шыққан алғашқы күні-ақ көрермендерді жаулап,...