Димаш Құдайберген Дюссельдорфта Игорь Крутойдың жеке концертінде өнер көрсетті.
30 қараша күні Германияда Игорь Крутойдың 65 жасқа толған мерейтойына арналған шығармашылық концерті өтті. «Бұл өмірде 65 бір-ақ рет болады» деп аталатын кеште әнші барлық жанкүйерлері білетін және сүйетін туындыларын орындады. ISS DOME-да Дюссельдорфтағы кең ауқымдағы концертке мерейтой иесінен бөлек, әлем елдеріне танымал, көрнекті әртістер қатысты. Олардың қатарында Ирина Аллегрова, Филипп Киркоров, Ани Лорак, Николай Басков, Ангелика Варум, A`Studio тобы және қазақстандық жұлдыз Димаш Құдайберген бар.
Игорь Крутоймен бірге ән шырқаған Димаш Құдайбергенді көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды. Көрермендер жерлесімізге орындарынан тік тұрып қол шапалақтады. Үлкен сахнада сөз сөйлеген Игорь Крутой «Мен Димаштың кешінде отырғандай күйде тұрмын», деп қалжыңдады.
13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...
Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...
Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...
11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді.
Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...
Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...