ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Бұл –Димаштың туған елінің тәуелсіздігі күніне тартуындай

Бұл –Димаштың туған елінің тәуелсіздігі күніне тартуындай

Dimash World Бұл –Димаштың туған елінің тәуелсіздігі күніне тартуындай

Бұл –Димаштың туған елінің тәуелсіздігі күніне тартуындай

Елдің егемендігінен қастерлі, қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан да бүгінгі мерекенің мәні мен маңызы зор, мәртебесі заңғар. Осынау тәуелсіздіктің арқасында талантты ұлдарымыз бен дарынды қыздарымыз Қазақстанның атын дүйім жұртқа, мұқым дүниеге танытты. Солардың бірі һәм бірегейі – Димаш Құдайберген. Ұлтының атын әлем елдеріне танытқан, қазақ мәдениетінің, өнерінің жер бетіндегі елшісіндей болған әнші ұлымыздың мұхиттың арғы бетіндегі Америкада өткізген кеші аңыз іспетті айтылуда. Әлемге танымал жұлдыздар концерт берген сахнаға елінің тәуелсіздігі күні қарсаңында Димаштың да шығып, алпыстан аса мемлекеттен келген жанкүйерлерін қазақша сөйлетуі – бөлек әңгіме. Әлеуметтік желіні шарлап кеткен концерт барысындағы бейнеге назар аударсақ, Димаш Құдайбергеннің «Әлемде бірлік болсын!» деген сөзін залдағы бүкіл тыңдарман қосыла айтады. https://www.instagram.com/p/B6IPzfaHHix/?igshid=kz4tcvu8jo0d Осы сәтте ғой, КСРО деген алып империяның, «көзі тірісінде», ғарышты бағындырғанда қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің «Адамға табын, жер енді» деп жырлағаны еске түседі. Димаштың концертінің әлгі тұсында біздің де тіліміздің ұшына «Қазақ өнеріне табын, дүние!» деген сөз орала берді! Тағы бір айта кетерлігі, Димаш Құдайбергеннің әлем елдерін аралап концерт беруі, қазақ өнерімен дүниежүзін қайран қалдыруы Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келуін, әншінің туған еліне тартуындай ұғындық. Өйткені, «Арнау» туры әу баста ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алғаны мәлім.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...