Димаш Құдайбергеннің ресми каналында жаңа «Қайран елім» музыкалық видеосы жарық көрді. 
 Музыка авторы – танымал композитор Ренат Ғайсин. 
 Сөзінің авторлары – Данияр Алдаберген және Орал Байсеңгір.
![]()
Мазмұны терең, трагедия мен үміті қатар, жүректі тербер эмоцияға толы музыкалық композиция… «Қайран елім» әні Димаштың жүрегінен өткізген уайымы Отаны мен әлемге деген алаңдаушылығынан туындаған тілегі іспетті. Негізінен, шығарма тақырыбына миллиондаған әлем тұрғындарының өмірін коронавирус індеті эпидемиясы арқау болған.
Бір күні таңертең дыбыс жазу студиясында Димашпен бірге жаңалықтар көріп отырған Ренат Ғайсинге осы әннің әуені келген.
Композитор әрбір жаңалықты естіген сайын жанын қоярға жер таппаған секілді – дертке шалдыққандар мен коронавирус туралы ақпарат майданнан жеткен суыт хабар секілді көрінеді.
Осының барлығын ой елегінен өткізген композиторға музыкалық әуен өздігінен келе бастады десе де болады…
Кенет телефонын жанына қойып, пианиноны бетке алған Ренат сол сәтте жүрегінен туындаған әуенді ойнап әкетеді. Бірнеше минуттан соң Ренаттың жанына жақындаған Димаш әуенді тағы ойнап беруін сұрайды. Әуенді басынан аяғына дейін үлкен әсермен тыңдап шыққан Димаш дереу жазып алып, орындауға ұсыныс жасайды.
Саундпродюсер Ерлан Бекчурин аранжировкаға кіріседі, ақындар Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір сөзін жазып, Димаш белгілі кинооператор Азамат Дулатовпен жаңа видеоның идеясын талқылай бастады.
Осылайша, эмоционалдық сәттен туындаған әуен жаңа жобаға ұласады.
«Қайран елім» – адамзатқа жасалған үндеу іспетті, қорқынышты жайтқа қарамастан, жақсылықтан үмітіміздің барын ұғындыру. Барлық ауыртпалықты еңсеретінімізге сендіргіміз келеді. Дәл қазіргі таңда ең бастысы – мықты болуымыз керек», – дейді Ренат Гайсин мен Димаш Құдайберген.
![]()
Сонымен бірге, қобызының қоңыр үнімен бейнеге ерекше рең сыйлаған музыкант Олжас Құрманбектің еңбегін айтпай кетуге болмас.
«Қобыз ежелден халықтың мұңын жеткізетін киелі аспап саналады. Ренат Ғайсиннің «Қайран елім» әні біздің Алматыға сапарымыз кезінде туындады. Әнді жазатын кезде оның табиғатына, түпкі ойына бойлай алдық деп ойлаймын. Авторы мен Димаштың өтініші бойынша композицияны қобыз аспабында ойнаудан бастадық. Мен мұңлы әуенді ойнап бастадым, нәтижесінде расымен де, әдемі, жаңа туынды жасап шығарған сияқтымыз. Мен бұл жобадан ерекше әсер алдым. Мен үшін үлкен тәжірибе. Шығарма көпшіліктің көңілінен шығады деген үміттемін», – дейді қобызшы Олжас Құрманбек.
![]()
Клип Алматы облысының табиғаты сұлу жерінде түсірілді. Жобаға Димаш пен кинооператор Азамат Дулатов режиссерлік етті. Видео түсіру жұмыстары оңай, еш кедергісіз өтті. Түсіру тобының шабыттанғаны сол, ұйқысыз, демалыссыз жұмыс істеп, аз уақытта аяқтады.
«Бұл туындыны алғаш естігенімде оның терең мазмұны мен ойы көңіліме қонды. Әрине, түсіру жұмыстарына қуана кірістім. Барлығы ойдағыдай өтті. Түсіру жұмысына қатысқан әрбір жан керемет әсер алды. Осы жобаға үлесін қосқан әрбір жанға алғысым шексіз. Композицияны ішкі түйсігімен қойған монтаж режиссері Тимур Дулатов әдемі туынды жасап шығарды. Ал түс коррекциясымен талантты шебер Ерлан Танаев айналысты. Оған ерекше мән бердік, өйткені, түс арқылы әр көрерменнің, тыңдарманның жүрегіне жол тапқымыз келді. Біздің тыңдарманға қатты ұнайды деп сенеміз», – дейді Азамат Дулатов.
![]()
Клип стилисі – Нэлли Нурашева. Киім үлгілерін қазақстандық дизайнер Айнұр Тұрысбек ұсынды. Оның ерекше әрі жаңашылдыққа толы киім үлгілері клиптің футуристік атмосферасымен қабысып тұрды.
Визажист Санди Бексырға түсіру кезіндегі сәтті күліп еске алады:
«Білесіз бе, түсіру жұмыстары кезінде табиғаттың сұлулығына тамсандық. Алатау мен көлдердің әсемдігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың өзі Димашты жақсы көретін секілді. Самал жел соғып, ағаштан ұшқан ұлпалар әуеннің ырғағымен су бетіне қонып жатты. Бұл расымен де тамсандырмай қоймайтын сұлулық!».
Жобаны жүзеге асырғандар:
Music by Renat Gaissin
 Lyrics by Daniyar Aldabergen & Oral Baisengir
 Arrangement by Yerlan Bekchurin
 Qobyz – Olzhas Qurmanbek
 Recorded by Yerlan Bekchurin at “Gaissin Studio”
 Mixed and Mastered by Yerlan Bekchurin at “DimashAli Studio”
 Background vocals – Berik Khayreddin, Aiymbek Sarzhan, Yedilzhan Gabbasov, Renat Gaissin, Rassul Usmanov
 Lyrics of Introduction by Roza Mukanova
 Narrator of Introduction – Iisbek Abilmazhinov
Video:
Directed by Dimash Kudaibergen & Azamat Dulatov
 Director of Photography: Azamat Dulatov
 Executive producer: Yerkebulan Kurishbayev
 Editor: Timur Dulatov
 Location manager: Alexandr Tsvetkov
 1 AC: Askhat Tugelbayev
 Gaffer: Meyirlan Ashekov
 Drone operator: Azamat Dulatov
 VFX by Buralqy: Yelaman Buralkiev, Allan Amirkulov, Maxim Chernykh
 Color grading: Yerlan Tanayev
 Admininstrator: Aset Tamenov
 Drivers: Gani Yteyev, Ayan
 Production Designer: Nazira Beibekova
 PD Assistants: Almat Konakbayev, Elaman Ainabekov
 Stylist: Anel Nurasheva
 Costume designer: Ainur Turysbek
 Muah Artist:  Sandi Beksyrga & “Sandi Beksyrga Studio”
 Coordinator: Nurbol Basherov
Special thanks:
JSC “Kazakhfilm” named after Shaken Aymanov for the provided video materials
Producer, Head of project: Kanat Aitbayev
“DIMASHALI Creative Center”