ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Dears Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің шығармашылығына және оның Мексикада өтетін алдағы концерттеріне арналды.

Қаладағы білім беру ұйымдарының бірінде студенттерге Димаштың екі шағын концерті көрсетілді. Жас көрермендерге әншінің шығармашылық жолы мен оның музыкалық туындылары таныстырылды. Іс-шараға 200-ден астам студент пен оқытушы қатысты.

Көрсетілімдерден кейін әншінің шығармашылығына қатысты сұрақ-жауап сессиясы өтті. Сонымен қатар қатысушыларға Димаштың Мексикада өтетін алдағы концерттерінің қалалары мен күндері туралы хабар беріліп, ақпараттық материалдар таратылды, сондай-ақ сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың басты мақсаты – жаңа аудиторияны Димаштың шығармашылығымен таныстырып, жастардың оның музыкасына деген қызығушылығын арттыру.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...