Димаш «Үздік танымал шетел артисі» атағына ие болды

1439

Димаш Құдайберген Қытайда «Leading 2020 Sina Entertainment festival» рейтингінде «Үздік шетел артисі» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды. Трофей Димаш Қытайға барғанша «BG Talent» орталығында сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, 7 және 28 маусым аралығында қытайлық Sina платформасында Sina News және Sina Entertainment ұйымдастыруымен «Leading 2020 Sina Entertainment festival» байқауында дауыс берілген болатын. 21 күн қатарынан өткен додада Димаш 1.404.488 дауыспен «Үздік шетел артисі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Sina (қытайша: 新浪; pinyin: Xīn Làng) – бүкіл әлем қолданушылары байланыс орнатуға арналған қытайлық интернет-компания. Компания 4 негізгі бағытта жұмыс істейді: Sina Weibo, Sina Mobile, Sina Online және Sinanet. Sina желісіне әлем бойынша 100 миллионнан астам адам тіркелген.

Өкінішке қарай, коронавирус індеті пандемиясына байланысты марапаттау салтанаты өткізілмеді, сондықтан қазақстандық орындаушы награданы карантин аяқталған соң алады. Оған дейін марапат «BG Talent» компаниясының стаффында сақталады.