ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World "Біз сені көру үшін әлемді кесіп өттік": Dears Димашты...

«Біз сені көру үшін әлемді кесіп өттік»: Dears Димашты Дюссельдорф әуежайында қарсы алды

Dimash World "Біз сені көру үшін әлемді кесіп өттік": Dears Димашты Дюссельдорф әуежайында қарсы...

«Біз сені көру үшін әлемді кесіп өттік»: Dears Димашты Дюссельдорф әуежайында қарсы алды

Дюссельдорф әуежайындағы таң бақытты күлкіден, қазақ әндерінен және әр бұрышқа толы атмосферадан басталды — Димашты оның шығармашылығының жанкүйерлері жылы және жарқын қарсы алды. 

2022 жылғы 8 сәуірде қазақстандық әртіс өзінің «ARNAU» концерттік турын жалғастыру үшін Германияға ұшып келді, ол коронавирустық пандемияға байланысты 2020 жылы кейінге қалдырылды.

Ерлер мен әйелдер, жас, ересектер мен балалар — бүгін көптеген жанкүйерлер Германияға алғашқы жеке концертін өткізуге келген сүйікті әншіні қарсы алу үшін жиналды.

Әртіс келгенге дейін жанкүйерлер әуежайда жиналып өз әсерлерімен алмасты, Димаштың сүйікті әндерін талқылады.

Чили, Аргентина, Германия, Ұлыбритания, Аргентина, Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия, Испания, Нидерланды, Колумбия, Норвегия және басқа елдердің өкілдері әр түрлі тілдердегі сүйікті әртісті қуана қарсы алды.

«Сәлеметсіз бе», «Рақмет сізге» ,- деген әр түрлі елдердің жанкүйерлерінің қазақ тіліндегі сөздері ерекше әсерлі естілді.

Димаш жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін үшін алғысын білдірді, жақында қалыптасқан дәстүр бойынша жас жанкүйермен сыйлықтар алмасты, бірнеше қолтаңба берді.

Еске салайық, 9 сәуірде Дюссельдорфтың «ISS Dome» стадионында Димаштың «ARNAU» туры аясында алғашқы концерті өтеді.

Әртіс өзінің концерттік турының жаңартылған бағдарламасын ұсыну үшін Dears-пен кездесуді асыға күтеді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

24 қарашада Чили астанасында Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтті. DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы бұл кеште Сантьягоның ең ірі...

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....