ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Абай кітаптары Испаниядағы Димаштың жанкүйерлеріне табысталды

Абай кітаптары Испаниядағы Димаштың жанкүйерлеріне табысталды

Dears Абай кітаптары Испаниядағы Димаштың жанкүйерлеріне табысталды

Абай кітаптары Испаниядағы Димаштың жанкүйерлеріне табысталды

Димаштың жанкүйерлері Республика күнін мерекелеу құрметіне орай Қазақстанның Испаниядағы Елшісімен кездесті. Салтанатты шарада Dears танымал қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаевтың өнерін және суретші Дәурен Қастеевтің әсерлі көрмесін тамашалады.

Испаниялық Dears алғаш рет 2023 жылғы 6 қазанда Қазақстан елшілігіне барып, Мәдениет және туризм саласына жауапты бірінші хатшы Қуаныш Әбпасов пен Райымбек Тоқтаубаевпен кездесті.

Ұзақ уақыт бойы Димаштың испандық жанкүйерлері Абай Құнанбаевтың еңбектерін ана тілінде оқуға ниет білдірді. Бұл туралы хабардар болған Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі ұлы ақынның испан тіліне аударылған 17 кітабын Dears-ке табыс етті.

Кездесу барысында Димаштың жанкүйерлері 2017 жылдан бастап өздерінің фан-клубының жетістіктерімен бөлісті, сондай-ақ бірлескен жұмыс арқылы жүзеге асырылатын болашақ жобалар туралы айтты.

Кейінірек, 25 қазанда Dears Қазақстан Республикасы күніне арналған Мадридтегі дәстүрлі музыка концертіне шақырылды.

Іс-шара соңында Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Димаштың жанкүйерлерімен кездесіп, оларға әртіс пен Қазақстанға деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...