Әлем жұлдыздары мен джаз саңлақтары «Tokyo JAZZ+ LIVE STREAM festival» онлайн концертінде өнер көрсетеді

1016

23 және 24 мамырда танымал «Tokyo JAZZ+ festival» жапон джаз фестивалінің онлайн концертінде әлем жұлдыздары мен джаз музыкасының саңлақтары өнер көрсетеді. Концерттің тікелей трансляциясын фестивальдің ресми YouTube каналынан тамашалауға болады.

Онлайн-концертте өнер көрететін жұлдыздар тізімі, расында, таңқалдырады. Олар – музыка табынушыларына осы жанрды, керемет музыканы тарту еткен Жапония және әлемнің түкпір-түкпіріндегі танымал джаз музыканттары.

Жапон джаз музыканттары қатарында Хироми Уэхара, Макото Одзонэ, Михо Хазама, Садао Ватанабэ, «TRI4TH» жапон джаз тобы, әнші Аяка Хирахара және Ovall бар. Ал әлем жұлдыздары арасынан джаз фестиваліне израильдік джаз контрабасисі Авишай Коэн, американ джаз пианисі Чик Кориа, армян джаз пианисі Тигран Амасян және доминикалық джаз сазгері, «Грэмми» сыйлығының иегері Мичель Камило қатысады.

Концертті жапон тележүргізушісі Гарри Сугияма жүргізеді.

Онлайн-концертке Димаш Құдайберген де қатысады.

Күн шығыс елінің жүрегінде өтетін «Tokyo JAZZ+ festival» жапон фестивалі жыл сайын бүкіл әлемнен джаз музыка өнерінің мыңдаған табынушысының басын қосады.

Биыл коронавирус іднеті пандемиясына байланысты фестиваль әкімшілігі әртістер мен қонақтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына алаңдап, шараны өткізбеуді ұйғарды. Алайда, джаз музыкасының жанкүйерлері мен тыңдармандарының көңіл күйін көтеру мақсатында онлайн-концерт өткізілетін болды.