ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Әлемнің түрлі елдеріндегі Dears-тің орындауындағы "Самалтау" әні

Әлемнің түрлі елдеріндегі Dears-тің орындауындағы «Самалтау» әні

Dears Әлемнің түрлі елдеріндегі Dears-тің орындауындағы "Самалтау" әні

Әлемнің түрлі елдеріндегі Dears-тің орындауындағы «Самалтау» әні

Соңғы уақытта желіде «Самалтау» әніне бірнеше кавер пайда болды. DimashNews қазақтың музыкалық жауһары бүкіл әлемдегі дарынды адамдарды қалай шабыттандырғанын әңгімелейді.

«Самалтау» халық әні тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары бағаланады. Онда 19-дан 43 жасқа дейінгі ерлерді бірінші дүниежүзілік соғыстың қорғаныс құрылыстары мен тыл жұмыстарына жіберу туралы патша жарлығы суреттелген 1916 жылғы ауыр оқиғалар атмосферасы баяндалады. Қайғылы композициямен шабыттанған Димаштың жанкүйерлері әлемнің түрлі елдерінен өз каверлерін жиі жасайды.

Димаш «Самалтау» әнін 2019 жылдың 20 қазанында Қытайдың Фучжоу қаласында өткен «Жібек жолы» Халықаралық кинофестивалінің жабылуында алғаш рет орындады. Әртістің өзі үшін де, бүкіл қазақ халқы үшін де маңызды, мазмұны терең композиция қазір оның шығармашылығын сүйетіндер арасында ең сүйікті әндердің бірі болып табылады.

«Самалтау» украин тілінде

27 қаңтарда Димаштың Еуразиялық фан-клубының украиналық бөлімшесінен шыққан Dears «Самалтау» әнінің әдемі әрі керемет әсерлі каверін жариялады. Қазақ халық композициясы оларға өзінің қайғылы әуенімен ұқсас қайғы мен қобалжуды білдіретін «Гей, пливе кача» украин әнін еске түсірді.

Украин тіліндегі «Самалтау» әнінің нұсқасын Ирина Веретка Казмирчуктің жетекшілігімен «Archangels» вокалдық ансамблі орындады. Ол Димаштың орындауындағы әнді алғаш естігенде, оның тереңдігі мен әсерлілігіне таң қалғанын айтады.

«Самалтау» әні Иринаны осы туындының өз ана тіліндегі нұсқасын жасауға шабыттандырды. Ирина өз интерпретациясын дайындағаннан кейін, қазақстандық әріптестеріне жүгінді. Музыкант Дина Ниязова Иринаға ноталарды тапқан дирижер Мербол Құспановпен байланысуға көмектесті, ал композитор Ғалымжан Берекешев оларды хорға өңдеуге көмектесті. Украин тіліне бейімдеу үшін мәтінді Ирина Веретка Казмирчук өзі жазды. Нәтижесінде көптеген қызықты пікірлер алған композиция пайда болды.

«Archangels» вокалдық ансамблінің мүшелері украин тілінде «Самалтауды» орындады:

Екатерина Дуплий-альт
Дарья Мельник-альт
Яна Верещук-сопрано, альт
Виталий Муляр-тенор
Андрей Соколов-бас
Юрий Гуреев-бас
Надежда Стаднюк-бандура
Ника Гордиенко-бандура
Мария Миленина-саптама
Ирина Веретка Казмирчук-сопрано, дирижер, ұжым жетекшісі.

Ирина Веретка Казмирчукте музыкалық оқытудың бай тәжірибесі бар. Жиырма жылдан астам уақыт бойы жексенбілік және қарапайым мектептердегі шіркеу хорларын басқарып, көптеген дарынды балаларды оқытты. Бұған дейін Ирина Игорь Стравинский атындағы Волынь мемлекеттік мәдениет және өнер мектебін және Луцк қаласындағы Леси Украинка атындағы Волынь ұлттық университетін бітіріп, хор дирижері және дирижер-хор пәндерінің оқытушысы ретінде білім алған. Қазір Ирина барлық балаларға арналған кішкентай ансамбль құрды. Оның құрамында музыка әлемін ашуға шешім қабылдаған 13-21 жас аралығындағы дарынды оқушылар мен студенттер бар.

Ирина Димаштың шығармашылығымен 2015 жылы, қазақстандық әнші Витебскідегі «Славян базарында» өнер көрсетіп, үлкен әлемдік сахналарға алғашқы қадамдарын жасаған кезде танысты. Қазір ол Димаштың Dimash_UkraineDears_EFC Еуразиялық фан-клубының украиналық бөлімшесінің мүшесі .

«Самалтау» әнінің – скрипкадағы нұсқасы

Дәл сол 27 қаңтар күні Димаштың тағы бір жанкүйері – скрипкашы Сан Шен «Самалтау» әніне жасаған каверімен қуантты. Қазақстандық әншінің бұл туындыны алғаш рет орындағанын естігенде, ол дауысының қарқындылығы мен терең эмоционалдылығына тамсанды. Бұл Сан Шенге қазақтың халық әнін скрипкада орындау туралы шешім қабылдауына әсер
етті.

«Аранжировканың скрипка нұсқасын дайындамас бұрын, мен «Самалтау» тарихын зерттедім. Менің білгеніме қарағанда, бұл Қазақстан тарихындағы жастардың әділетсіз қаза тапқан өте қайғылы кезеңі еді. Өткенге ңазар салсақ, біз қазақстандықтардың ерлігі мен табандылығын көріп отырмыз. Бұл мені қатты шабыттандырды!», – деп бөлісті скрипкашы.

Сан Шен бейнепродюсер Сэм Спрэгпен Бірге Сан-Диего ауданында Қазақстанның көрінісін еске түсіретін таулы орынды тапты. Өз бейнебаянында Шен қазақстандық фотограф Максим Золотухиннің екі елдің пейзаждарын біріктіру үшін жасаған бірнеше кадрларын пайдаланды.

«Маған «Самалтаудың» кавер-нұсқасын дайындау өте ұнады, себебі бұл мен үшін ерекше ән. Мен бірнеше айымды жоспарлауға, дайындауға, жаттығуға және соңғы редакциялауға жұмсадым. Танымал музыкалық продюсер Питер Спрагқа және оның әріптестеріне алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, маған бейнебаян жасауға көмектескен Pesmdas қызметкерлеріне үлкен рахмет. Менімен бірге «Самалтау» әнімен жұмыс істеген американдық әріптестерімнің бәрі бұл әнді қатты жақсы көріп кетті», – деді Сан Шен.

Скрипкашы Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігіне өзінің каверін сыйға тартты, олар осындай бағалы сыйлықты қуана қабылдады.

«Самалтау» әні итальяндықтардың орындауында

Сондай-ақ, біз итальяндық әнші Фабио Касаленің «Самалтау» әніне жасаған керемет вокалдық кавері туралы жазғанымызды естеріңізге түсіргіміз келеді. Музыкантқа композиция ұнағаны соншалық, оны мүлдем білмейтініне қарамастан, оны қазақ тілінде орындағысы келді.

«Димаштың орындауындағы «Самалтау» әнін Токио джаз фестивалінде алғаш рет естідім. Алғашқы ноталардан бастап мені әннің қайғылы атмосферасы баурап алды. Мен сөздерді түсінбесем де, бұл соғыс туралы ән екенін бірден сезіндім. Осылайша, Димаштың орындауынан шабыт алып, осы әннің жеке нұсқасын жасағым келетінін түсіндім», – деп бөлісті Фабио.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...