ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Антальядағы әйгілі Ақдениз университетінің стадионында Димаштың концерті өтеді

Антальядағы әйгілі Ақдениз университетінің стадионында Димаштың концерті өтеді

Dimash World Антальядағы әйгілі Ақдениз университетінің стадионында Димаштың концерті өтеді

Антальядағы әйгілі Ақдениз университетінің стадионында Димаштың концерті өтеді

Анталья пальма, олеандр және лимон ағаштарының жасыл желектеріне көмкерілген Түркияның ең әйгілі және көркем Жерорта теңізі курорты болып саналады. Дәл осы жерде 6 мамырда әйгілі Ақдениз университетінің стадионында Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты ауқымды шоуы өтеді.

2021 жылы Ақдениз университеті Times Higher Education World University Rankings рейтингінде «Ең көп шетелдік студенттері бар университеттер» санатындағы Түркияның үздік университеті болып танылды.

Университет Түркия мен Жерорта теңізінің тарихы мен мәдениетіне арналған мұражайымен танымал, мұнда келушілер ежелгі Греция, Рим және Осман империясының экспонаттарын көре алады.

Мұндағы кейбір ғимараттар қызықты және таң қалдыратын дизайнға ие, соның ішінде университеттің ең танымал орны болып табылатын күмбезді кітапхана.

Оқу орнының аумағында әлемнің әр түкпірінен 2000-нан астам өсімдік түрлері өсетін ботаникалық бағы бар.

Университеттің Жерорта теңізін зерттеу ғылыми орталығында теңіз жануарларының, соның ішінде дельфиндердің, киттердің және тасбақалардың үлкен коллекциясы бар.

2012 жылы университетте Мәдени және спорттық іс-шараларға арналған үлкен спорт кешені пайда болды, оған 12 мың көрерменге арналған стадион кіреді, онда Димаш Құдайбергеннің Stranger әлемдік туры аясында жеке концерті өтеді.

Билеттер dimashali.com сайтында қол жетімді.

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...