ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Ақтөбе облысының әкімі Baqytty Bala байқауының қазылар алқасымен кездесті

Ақтөбе облысының әкімі Baqytty Bala байқауының қазылар алқасымен кездесті

Басты жаңалық Ақтөбе облысының әкімі Baqytty Bala байқауының қазылар алқасымен кездесті

Ақтөбе облысының әкімі Baqytty Bala байқауының қазылар алқасымен кездесті

10 тамыз күні облыс басшысы Оңдасын Оразалин Baqytty Bala балалар фестивалінің ұйымдастырушылары және қазылар алқасымен кездесті.

Оразалин Оңдасын Ақтөбе облысының әкімі Қанат Айтбаев Светлана Айтбаева

Оңдасын Оразалин пандемиялық жағдай болса да, санитарлық талаптарды сақтай отыра жобаны ұйымдастырып, жүзеге асырған топқа алғысын білдірді:

«Баршаңызды киелі Ақтөбе жерінде көргеніме өте қуаныштымын. Бұл керемет жоба 2018 жылы бастау алып, қазір халықаралық деңгейге дейін жетті. Өткен жылы әлемде болып жатырған коронавирус инфекциясына байланысты конкурсты өткізе алмадық. Бірақ биыл мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тамаша дәстүрді жалғастырып, Baqytty Bala-ның үшінші маусымы болуы керек деп есептедік.»

Қазылар алқасының мүшесі Болгариядан келген Николай Текелиев байқау жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанына разылық білдіріп, жобаны жүзеге асырушылардың жұмысы оған «Витебскідегі Славян базарын» еске салғанын айтты:

«Мен үшін байқауды ұйымдастыру деңгейі маңызды. Өйткені бұл бірінші кезекте қатысушыларды қызықтырады. Baqytty Bala көптеген конкурстардан алдын-ала іріктеу арқылы ерекшеленеді. Байқауға талапты түсінетін балалар келеді, кешегі алғашқы кезеңнің өзінде қатысушылар кәсіби мамандардан кем түспеді. Мен байқауларды бір-бірімен салыстырғанды ұнатпаймын. Дегенмен кеше Болгариядағы және өзге де елдердегі достарыма байқау барысынан видео жібергенмін. Олар жоба «Славян базарының» деңгейінде деп бағалап жатыр. Әрине, салыстыруға болмайды, өйткені үлкен өнер фестивалі мен байқау екі бөлек. Дегенмен балалар байқауы үшін ұйымдастырушылар жоғары деңгейде дайныдалғанын айтқым келеді».

Николай Текелиев Болгария

Өзбекстанның танымал әншісі Сильвия Андрианалариманга қазір қазылар алқасының мүшесі болғанымен, 2019 жылы Baqytty Bala-да байқауына қатысушының анасы ретінде келген. Николайдың сөзіне қосылып, жыл сайын фестивальдің ұйымдастырылуы деңгейі артып келе жатырғанын айтады.

Сильвия Андрианалариманга

Светлана Айтбаеваның айтуынша,  Ақтөбеде өтіп жатырған BaqyttyBala байқауына әлемнің әр түпкірінен Димаштың жанкүйерлері келгеніне айтады. Пандемияға қарамастан, Түркия, Украина, Израиль және Польшадағы келген Dear-лар әншінің туған қаласына жас вокалистерді қолдау үшін келіпті.

Светлана Айтбаева

Кездесу соңында Оңдасын Оразалин қазылар алқасының мүшелеріне сәттілік тіледі:

«Бүгінгі күнгі еңбектеріңіз өз өнерімен шекараны еңсеріп, достықты ту ететін жаңа таланттарды  табуға мүмкіндік береді деп сенемін!».

Соңғы жаңалықтар

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...