ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Аспаптық қазақша кроссовер: "Біз домбыраны бүкіл әлем білгенін қалаймыз"

Аспаптық қазақша кроссовер: «Біз домбыраны бүкіл әлем білгенін қалаймыз»

Әлем Аспаптық қазақша кроссовер: "Біз домбыраны бүкіл әлем білгенін қалаймыз"

Аспаптық қазақша кроссовер: «Біз домбыраны бүкіл әлем білгенін қалаймыз»

ҚазҰӨУ ансамблінің құрамындағы «I am a Singer» конкурсында Димашпен бірге өнер көрсеткен домбырашылар Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Токио Олимпиадасында Қазақстанның мәдениет амбассадорлары болып тағайындалды.

DK Media World редакторлары «Golden Time Talent» халықаралық байқауының финалында өнер көрсеткеннен кейін Temirlan&Ernat домбырашылар дуэтінен сұхбат алды, олар Антонио Вивальдидің «Найзағайын» орындап, бірінші орын иегері атанған болатын.

Авторлардың рұқсатымен DimashNews халықаралық аудиторияға сұхбат мәтінін жариялайды.

– Біз сіздермен «Дайдидау миссиясы» фильмін дайындау кезінде кездестік, онда ҚазҰӨУ фольклорлық ансамблінің «I am a Singer» байқауына сапары туралы әңгімелескен болатынбыз. Қытайға сапар сіздер үшін нені білдірді?

– Ол уақытта біз Қазақ ұлттық өнер университетінің екінші курсында оқыдық. Байқауға қатысуға бізді университет ректоры Айман Мұсақожаева шақырды. Бұл күтпеген және қызықты сәт болды. Біз қайда және неге бара жатқанымызды ешкімге айтпауымыз керек еді. Бізде барлығы 7 музыкант және бірнеше университет оқытушылары болды. Ол кезде біз бұл сәт тарихта қалады деп мүлде ойламадық. Қазір Димашпен бірге байқауға қатысу құрметіне ие болғанымызды мақтан тұтамыз.

– Сол сапардан алған әсерлеріңіз естеріңізде ме?

– Біз Димашты бұрыннан білеміз және онымен кездескенімізге қуаныштымыз, өйткені ол кезде біз жарты жыл бойы бір-бірімізді көрмеген едік. Ол сапарға дейін Қытайға бара жатқанын айтты, бірақ біз оның мұндай ауқымды байқауға қатысатынын болжаған жоқпыз.

– Ол жақта көргендеріңіз сіздер үшін тосынсый болды ма?

– Тосынсыйлар Қытайдың Үрімші қаласының әуежайында басталды. Димашты жанкүйерлері қарсы алып, бізді де оған келген Қазақстандық достары ретінде суретке түсіре бастады. Чаншада да солай болды. Біз оны сол жерде қаншалықты жақсы көретініне таң қалдық. Димаштың өзі үшін біздің сапарымыз үлкен қолдау болды. Өйткені, біз бірге оқыдық, сондықтан ол кетер алдында біз күн сайын бір-бірімізді көрдік. Қытайда кездескеннен кейін, біз оған соңғы жаңалықтар туралы айта бастадық, бірақ Чаншада да, онымен сөйлесуге мүмкіндік болмады десекте болады.

Сол сапарында фольклорлық ансамбльді басқарған ҚазҰӨУ профессоры Тұрар Әліпбаев өзінің шәкірттері туралы: «Жақсы музыканттар!» деп ерекше ықыласпен айтты.

Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Димаштың «Бастау» концертінде өздерін дуэт ретінде алғаш рет көрсетті. Содан кейін оның рұқсатымен олар «Бастау» дуэті деп аталды.

Қазір олар Temirlan & Ernat ретінде өнер көрсетеді және Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық аспабын түрлі елдерге таныстыру жолында. Түркиядағы BRIDGE TV NEED FOR Fest, Израильдегі MUSIC WORLD сияқты көптеген халықаралық байқаулардағы жеңіске жеткен музыканттар есебінде.

2018 жылы Америкада өткен 25 жастағы музыканттардың WORLD CHAMPIONSHIP аспапшы музыканттар арасындағы халықаралық байқауда жеңіске жеткеннен кейін Golden Time Talent байқауына Қазақстанның атынан өнер көрсетуге шақырылды.

– Golden Time Talent қатысушыларына ерекше талаптар болды ма?

– Байқауға дайындық кезінде және өткізу барынсында бізге өнер көрсетуге, түсірілімге қатысуға және сұхбат беруге болмайтынын ескертті. Біз бұл уақытты студияда белсенді жұмыс істеу үшін пайдаландық: күйлер, басқа да шығармалар мен композициялар жаздық. Олардың барлығы музыкалық платформаларда қол жетімді жаңа альбомнан естуге болады.

– Сіз финалда орындаған Антонио Вивальдидің «Найзағай» композициясы үшін осындай әсерлі бейне қалай түсірілді?

– Байқаудың финалы Лондонда өтеді деп жоспарланған болатын. Билеттер сатып алынды, бірақ эпидемиологиялық шектеулерге байланысты барлық қатысушылар келе алмады, шешуші тур да онлайн өткізілді. Сондықтан финалдық өнер көрсету үшін қазақстандық «MG Production» командасының режиссері Марина Қонаровамен бірге түсірген музыкалық бейнені дайындауға тура келді».

– Сіз Токио Олимпиадасында Қазақстанның мәдениет амбассадорлары болып тағайындалуыңызды қалай қабылдадыңыз?

– Бұл күтпеген жағдай болды. Бізді Мәдениет министрімен кездесуге шақырды және әңгіме соңында Ақтоты Райымқұлова біздің тағайындалғанымыз туралы хабарлады. Бұл үлкен жауапкершілік және оны абыроймен алып шығуға тырысамыз. Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурызды «Дәстүрлі поп-музыка» деп атайды. Оларға домбыраның әр түрлі жанрдағы дыбысталуын байқап көру, тәжірибе жасау ұнайды.

– Домбыра – қырлары ашылмаған аспап деп есептейміз. Оның болашағы зор. Скрипка немесе фортепиано сияқты классикалық аспаптарды барлығы біледі, ал біз домбыраны бүкіл әлем білгенін қалаймыз.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...