ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears "Дайдидау" Индонезиялық сасандоның дыбысталуында

«Дайдидау» Индонезиялық сасандоның дыбысталуында

Dears "Дайдидау" Индонезиялық сасандоның дыбысталуында

«Дайдидау» Индонезиялық сасандоның дыбысталуында

Индонезиялық сасандо дәстүрлі музыкалық аспабында ойнаушы Наталино Мелла қазақтың әйгілі «Дайдидау» әнін ұсынды.

 

Сасандо — Индонезиядағы көркем Роти аралынан шыққан дәстүрлі музыкалық аспап. Сасандо — бамбук түтігінің цитрасы, оның ішектері арфадағыдай саусақ көмегімен қозғалады.

Бамбуктың басқа цитраларынан айырмашылығы, сасандода түтікті ішектермен қоршап тұратын ерекше резонатор бар. Оны желдеткішпен таратуға немесе ол қолданылмаса мүлдем жабуға болады. Резонатор Оңтүстік-Шығыс Азияда өсетін лонтарлы пальма жапырақтарынан жасалған.

2017 жылы Dimash Indonesia Dears фан-клубы көп ойлана келе Димашқа сасандоны барлық индонезиялық жанкүйерлерінің ризашылығын білдіру үшін сыйлықа беруді ұйғарды. Сондай-ақ, әншіні өз елінің мәдениетімен, өзіне ұнайтын нәрсе — музыка арқылы таныстыруды жөн көрді.

Индонезиялық фан-клуб сасандода кәсіби және шебер ойынаушы Наталино Мелламен байланыс орнатты. Ол 2021 жылғы 26 мамырда әншінің Нұр-Сұлтандағы Индонезия елшілігіне барған кезде Димашқа сыйға тартылған аспапты өзі жасаған.

Сасандоның көптеген түрлері бар, олардың әрқайсысы қолмен жасалған және өзіндік ерекшелігі бар. Димашқа сыйға тартылған сасандо 45 ішекті және арнайы тұғыры бар. Сондай-ақ, орындаушыға осы аспапта ойнау бойынша оқу құралы табыс етілді.

Сасандоны Қазақстанға жіберу үшін Индонезиялық Dears 4 жыл бойы бірнеше рет әрекет етті, Индонезия елшілігіне сыйлық Димаштың келуіне бір күн қалғанда ғана жеткізілген.

Ал 17 маусымда Индонезиялық фан-клуб Наталино Мелладан күтпеген хабарлама алды, онда аты аңызға айналған «Дайдидау» әніне бейне түсірілген. Dears үшін Димаштың барлық жанкүйерлері үшін сүйікті әнін олардың дәстүрлі музыкалық аспабында шырқағанын есту үлкен мәртебе болды.

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген қызығушылық француздық жанкүйерлер Надин Пьерро мен Садрин Байи үшін Қазақстанмен жақынырақ танысуға, сондай-ақ екі ел...