ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Чехияда Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы қалай атап өтіледі?

Чехияда Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы қалай атап өтіледі?

Dears Чехияда Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы қалай атап өтіледі?

Чехияда Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы қалай атап өтіледі?

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Чехияда бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бұл — елдер арасындағы байланысты нығайтқан деректі фильмнің шығуы, сондай-ақ чехиялық Dears-тің қатысуымен болатын экскурсиялар.

Жақында Қазақстанның Чехиядағы елшілігі еуропалық елдердегі қоғам қайраткерлерінің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық тақырыптарын сөз еткен, Қазақстанға деген қарым-қатынасы туралы баяндаған фильм ұсынды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған деректі таспа мерейтой қарсаңында Чех теледидарында көрсетілетін болады. Жобаның басты ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшісінің кеңесшісі Азамат Абсалыков.

Оның айтуынша, фильмді дайындау шамамен жарты жыл бұрын басталған. Сұхбат үшін қызықты чех қоғам қайраткерлері таңдалды. Түсірілім барысында олардың пікірлерін алып қана қоймай, елдер арасындағы байланыстарды нығайту үшін болашақ қадамдарды жоспарлау мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен, Чех Республикасы Өнеркәсіп және сауда Министрінің орынбасары Мартина Тауберовамен болған кездесу Чех БАҚ тарапының қызығушылығын тудырды және Қазақстан Елшілігі мен министрлік арасындағы тығыз ынтымақтастық туралы уағдаластықпен аяқталды.

Қазақстан мен Чехияның жақын байланыстары туралы Чех Республикасының бұрынғы ішкі және сыртқы істер министрі, Прагадағы Дипломатиялық академияның негізін қалаушы профессор Кирилл Свободамен кездесуде айтылды.

Елшілік өкілдері Дипломатиялық академияға қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың чех тіліне аударылған «Халықпен ойларымды бөлісемін» кітаптарын сыйлады.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар қатарында тамыз айында тағы бір мәдени акция жоспарланған. Елшілік Димаш Құдайберген шығармашылығының Чех жанкүйерлерін біріктірген «Біз Қазақстанды жақсы көреміз» клубымен бірлесіп, барлығын Влтава өзенінде «Достық теплоходында» серуендеуге шақырады.

Кездесу туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша таба аласыздар: https://www.instagram.com/p/CP5DQFeghov/?utm_source=ig_web_copy_link

Соңғы жаңалықтар

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...