Индонезия – экваторды жағалай орналасқан мыңдаған аралы бар тропикалық ел. Ондағы аралдардың бірі Бангка мен Белитунгте аралмен аттас Бангка-Белитунг провинциясы орналасқан. Астанасы – Пангкалпиннанг қаласы. Халқының басым бөлігі – малай тайпасы, сондықтан некеге отыру салтанаты малай мәдениетінің ғұрпы бойынша өткізіледі.
Неке салтанаты бұл елде бірнеше ерекше ұлттық ғұрыптан тұрады. Әрине, бұл ғұрыптар қазақтың салт-дәстүріне мүлдем ұқсамайды. Ең қызықты тұстарын назарларыңызға ұсынамыз:
- Neresik
Әдетте, бұл ғұрыпты қос әулеттің үлкендері мен құрметті туыстары өткізеді. Мақсаты – қалыңдық пен жігіттің өткені мен жеке өмірі, тарихымен жақын танысу.
- Mutus Paham/Meminang (Мутус Пахам/Құдаласу)
Келесі ғұрып «Mutus Paham» деп аталады. Қыздың ата-анасы болашақ күйеу баланың үйіне барады. Олар құдаласу мақсатында «Tipak» және «Jajak Gede» деген ерекше пирогтан алып барады. Егер «Jajak Gede» пирогын қабылдап алып, келісім ретінде орнына қыздың ата-анасына мата тарту етеді. Егер қыздың отбасы құр қол қайтатын болса, онда жігіт жағы келіспеген болып есептеледі.
- Nyelamatek Gawai
Жігіттің отбасы құда болуға келісімін берсе, келесі «Nyelamatek Gawai» ғұрпы басталады. Бұл ғұрып Дукун Кампонгтың (өңірдегі, ауылдағы сыйлы рухани тұлға. Оны Мак Инанг деп те атайды) жетекшілігімен өтеді. Ол жас жұбайларға некелесу салтанатының жеңіл де табысты өтуін тілейді. Сонымен қатар, Мак Инанг күйеу жігіт пен қалыңдықтың той кезінде отыратын орындықтарын әдемі түрлі-түсті маталармен безендіреді.
- Mandi Kusul
Үйлену тойына бір апта қалғанда қалыңдыққа «Mandi Kusul» ғұрпы жасалады, оны Мак Инанг өткізеді. «Mandi Kusul» ғұрпында қалыңдық күріш, су және куркума қоспасында жуынады. Ғұрып аяқталған соң бойжеткенге үйлену тойына дейін күйеу баламен кездесуіне тыйым салынады.
- Ngasah Gigi and Ngandam Rambut
«Ngasah Gigi» ғұрпы кезінде Мак Инанг той салтанаты кезінде әдемі болуы үшін келіншектің тістерін тегістеп береді. Ал «Ngandam Rambut» кезінде маңдайындағы сирек шашын алып, қасын түзетеді.
- Gawai Penganten (Munggah)
Бұл салт қалыңдықтың өз үйінде өткізіледі. Бір күн бұрын қалыңдық Құран оқуы тиіс. Жалпы, аталған ғұрып бірнеше сатыдан тұрады:
- Қалыңдықтың отбасы елші арқылы жігіттің отбасына «Seperanggun Pelampunan» (таңғы ас) жеткізеді. Осыдан кейін елшіге жігіттің отбасы жауап ретінде тағам ұсынады.
- Таңғы астан кейін қалыңдық пен жігітке шағын ыдысқа салынып «Tipak Pengiring» тағамы жеткізіледі. Бұл тағамның құрамында қалыңдықтың күйеу жігітке жанымен, тәнімен тиесілі екенін білдіретін бетель жапырағы болады.
Дұға оқылған соң жігіт жағы келіншектің үйіне бет алады. Салауат айтқан кездегідей қолшатыр ұстап алады. Қалыңдықтың үйіне жеткен соң, күйеу жігіттің әкесі қыздың отбсына «Tipal Engsane» пирогы, сонымен бірге, ақша және бағалы заттар салынған ыдысты тарту етеді.
- Akad Nikah (Неке қию)
Неке қию рәсімі әдетте «Gawai Penganten» салтымен бір уақытта келіншектің үйінде немесе жергілікті неке қию мекемесінде өтеді. Шара аяқталған соң, тағайындалған қызметкер жас жұбайлардың бақытты және табысты болуы үшін дұға оқиды.
- Bejamu
Беджаму – қалыңдық пен жігіттің отбасылары бірін-бірі жақын тануы үшін өтетін шара. Бұл шара кезінде, сонымен қатар, жас жұбайлардың туыстары ақ батасын беріп, тілектерін жаудырады.
- Mulang /Ngulangek Runut
Бұл ғұрып аясында жігіттің жақындары қалыңдықты өз туыстарының үйлеріне апарып, әулеттің жаңа мүшесімен таныстырады. Осыдан кейін «Ngulangek Runut» шеруі өтеді. Осы шара кезінде жас жұбайлар келіншектің үйіне қайтады. Осы ақырғы шарадан соң, қалыңдық пен жігіт заңды түрде некелескен болып саналады да, жаңа отбасылық өмірді бастап кетеді. Үш ай шамасында олардың жеке үйлері пайда болады деп күтіледі.