ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Baqytty Bala байқауының Гала-концерті қалай өтті: “Ауқымды және көңілді”...

Baqytty Bala байқауының Гала-концерті қалай өтті: “Ауқымды және көңілді”  

Басты жаңалық Baqytty Bala байқауының Гала-концерті қалай өтті: “Ауқымды және көңілді”  

Baqytty Bala байқауының Гала-концерті қалай өтті: “Ауқымды және көңілді”  

Қызыл кілем, қазақстан эстрада жұлдыздарының өнері, жарқыраған сахна және ерекше рух беретін көңіл-күй — Baqytty Bala балалар ән байқауының ІІІ маусымы осылай мәресіне жетті.

Baqytty Bala-2021 байқауының қорытынды гала- концертіне арналған шара 11 тамыз күні жергілікті уақытпен 17:00 де басталды. Өнер орталығы алдына жайылған қызыл кілеммен шараның құрметті қонақтары мен өткен маусымның қатысушылары жүріп өтті.

Ақтөбе облыстық филармониясының “Аққу” би ансамблінің “Ұлы дала” қойылым биімен гала -концерт шымылдырығы ашылды.

Салтанатты шарада “Витебскдегі Славян базары” фестивалінің Гран-при иегері Рухия Байдүкенова, қазылар алқасының мүшесі, Өзбекстанның танымал әншісі Сильвия Де Оноре (Андрианалариманга), “Балалар дауысы” байқауының 6 маусым жеңімпазы Ержан Максим және I«Junior Eurovision» байқауының ІІ орын иегері Қарақат Башанова Baqytty Bala байқауының өткен маусымдағы Димашпен сахнаға шығуға мүмкіндік алған жас өнерпаздары Наргиз Жанұзақ пен Әйкерім Төлеубек сахнаға шығып өнер көрсетті.

Конкурс режиссері Анны Обоянсктің сценографиясы көптің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды.

Концерттік бағдарламадан соң ІІІ маусым қатысушылары сахнаға шақырылып, номинация бойынша марапатталды. Baqytty Bala байқауының негізгі сыйлықтарынан өзге оларға фестиваль демеушілері атынан да сыйлықтар берілді. Ақтөбедегі “Ақбөбек” мектебі атынан смартфон мен гүл шоқтары берілсе, Димаштың әлемнің әр түпкіріндегі Dear лар атынан Қазақстан туралы эксклюзивті арт кітабы табысталды.

Одан соң байқаудың ең қобалжулы сәті жеңімпаздар марапаты басталды. Жүлделі орыннан бөлек әр финалист ҚР мәдениет министрлігі, Ұлықпан Жолдасов, Ерлан Бекчурин, Рухия Байдүкенова және Димаш Құдайбергеннің 50 елден жиналған жанкүйерлері атынан арнайы сыйлықтарға ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, байқаудың қорытындысы бойынша Гран-приді Тараздан келген 13 жастағы Айлун Заушева жеңіп алды. Жас өнерпазға 1 миллион теңгенің сертификатын Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин табыс етті.

Қатысушылардың біріне Димаш Құдайбергеннің өзі арнайы сый дайындаған болатын. Марапат кезінде көптің көңілін елең еткен осы болды, ол кімге бұйырады?

Әнші таңдауын сахнада өзі хабарлады. Ең ерекше сыйлық — Димаштың жеке концертіне жолдама алып, онымен бірге бір сахнада ән салу бақыты Нұр-Сұлтан қаласының 12 жастағы тұрғыны Адель Құнәділоваға бұйырды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...