ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Barclays Center қызметкері: «Қазақстандық әнші Бейонсе сияқты көрермен жинады»

Barclays Center қызметкері: «Қазақстандық әнші Бейонсе сияқты көрермен жинады»

Dimash World Barclays Center қызметкері: «Қазақстандық әнші Бейонсе сияқты көрермен жинады»

Barclays Center қызметкері: «Қазақстандық әнші Бейонсе сияқты көрермен жинады»

Нью-Йорктегі Barclays Center сахнасында жыл бойы көптеген концерт өтеді. Салтанат сарайының дәліздерінің қабырғаларына әлемге әйгілі жұлдыздардың суреттері ілінген, олардың арасында Бейонсе, Рианна, Backstreet Boys жігіттері, Алиша Кейс, Coldplay, Элтон Джон және басқа да әлемге танымал жұлдыздарды көруге болады.

Димаш — осы сахнада өнер көрсеткен алғашқы қазақ әншісі. Barclays Center қызметкерлерінің бірі — Брайан Такер: «Мен мұнда ашылғаннан бері, яғни 2012 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Осы үлкен сахнада өнер көрсеткен әлем жұлдыздарының барлық шоуларын көрдім. Олар мыңдаған адамдарды жинайды. Бейонсенің осында өткен соңғы концертінде 18 000 адам болды», деді.

Ол қазақстандық әнші Димаштың да дәл осындай көлемдегі тыңдармандарының басын қосқанын әңгімеледі. «Жалпы, бізде алғаш рет Қазақстаннан шыққан әнші өнер көрсетті. Сондықтан оны шынымен әлемдік жұлдыз деп білемін. Мен ол туралы бруклиндік жігіттерден естідім. Олар және басқа да әнсүйер көпшілік Димаштың даусы керемет екенін айтып жүр. Қазақстандық әншінің американдық жұлдыз Бейонсе Ноулз сияқты көрермен жинағаны сөзсіз керемет!» деп таңданды Barclays Center қызметкері.

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...