ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Чилидегі ең көп тыңдалатын радиода Димаш туралы айтылуда

Чилидегі ең көп тыңдалатын радиода Димаш туралы айтылуда

Dimash World Чилидегі ең көп тыңдалатын радиода Димаш туралы айтылуда

Чилидегі ең көп тыңдалатын радиода Димаш туралы айтылуда

Чилидегі ең танымал BioBio радиосында Димаш Құдайбергеннің шығармалары шырқалды. Чилидің ең беделді теле-радио журналисі саналатын жүргізуші Хулио Сезар Родригес бір апта бойы қалың көрерменге қазақстандық өнер иесі туралы айтып, әндерін ұсынды.


Бұл Димаштың Dears Dimash Chile Broadcasting team фан-клубының арқасында мүмкін болды, олар қазақстандық әртістің шығармашылығын өз елінің медиа кеңістігінде тарату бойынша көптеген кампаниялар өткізеді.

«Podría ser on Radio Bío Bío» («Бұл Био Био радиосында естілуі тиіс») радиобағдарламасы Чилидегі барлық радиостанциялардың ең үлкен аудиториясына ие. Бағдарлама жүргізушісі Хулио Сезар Родригес елдегі беделді медиа персонал болып саналады, оның шоулары әрдайым Чилиде ғана емес, көптеген басқа елдерде де көптеген көрермендер мен тыңдаушыларды жинайды.

Апта бойы, күн сайын Хулио Сезар Димаштың шығармашылығы және оның вокалдық диапазоны туралы айтты:

«Сіз әлемді жаулап алатын дауысты білесіз бе? Оның иесінің аты-Димаш Құдайберген. Ол-Қазақстандық әнші, композитор және мультиинструменталист, оның музыкасы мыңдаған адамды біріктірді. Димаштың Чилиде жанкүйерлері өте көп, сондықтан ол бір күні біздің елге келеді деген үміттеміз!”, — деді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...