ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Чилилік Dears және Қазақстан: өнер мен мәдениет арқылы байланысқан...

Чилилік Dears және Қазақстан: өнер мен мәдениет арқылы байланысқан достық көпірі

Dears Чилилік Dears және Қазақстан: өнер мен мәдениет арқылы байланысқан достық көпірі

Чилилік Dears және Қазақстан: өнер мен мәдениет арқылы байланысқан достық көпірі

Қараша айында Чилидегі Буин мәдени орталығында қазақ мәдениетін насихаттауға арналған іс-шара өтті. Кеште көрермендерді Қазақстанның атмосферасына бөлеп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында би биленіп, ән айтылып, поэзия оқылды.

Іс-шара маэстро Марат Айтимов, бэк-вокалист Расул Усманов, домбырашылар Ернат пен Темірлан жазған Чилиге арналған бейне-сәлемдесуден басталды. Сондай-ақ, сахнада Қазақстан Елшісі Болат Нүсіповтың Чилилік Dears үшін жазған хаты оқылып, кешке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Іс-шарада әртістер, бишілер мен музыканттар өнер көрсетті. Тоғыз жасар Максимо Леон Димаштың итальян тіліндегі «Adagio» және қазақ тіліндегі «Unforgettable Day» композицияларын орындап, көрермендерді өзіне баурап алды.

Пабло Ромероның қойылымдары ерекше назар аударарлық болды. Ол өз шоуын керемет туынды «Daididau» әнімен аяқтады. Әншінің әндеріне қазақша костюм киген үш қатысушы би билесе, Кирия Домингес Димаштың бірнеше шығармаларын саксофонда шебер орындады.

Кештің шарықтау шегі Чили мен Қазақстан арасында мәдени көпірі ретінде «A flor de piel» би ұжымының қазақстандық әншіге арналған мәтіндермен Чилидің ұлттық биі – куекидің түрлі стильдерінде би қойылымдарын қойды. Сондай-ақ, Димаштың чилилік фан-клубындағы Dears көрермендеріне «When I’ ve Got You» және «Daididau» әндеріне орындалған хореографиясын ұсынды.

«Мен ұйымдастырушылар Клаудия Лобос пен Кармен Сандовалға, сондай-ақ осы керемет кеш үшін барлық Dears-ке жеке алғыс айтқым келеді. Мен біздің мәдениетімізге деген мұндай терең қызығушылықты күткен жоқпын. Бұл кеш барлығымыз үшін өте тамаша көңіл—күй сыйлады», — деп Сантьягода тұратын қазақстандық Шарапия Кәкімова өз әсерімен бөлісті.

Ұйымдастырушылар олардың басты мақсаты Қазақстанмен достықты нығайту және Буин тұрғындарын еліміздің мәдениеті мен өнерімен таныстыру екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...