ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «Дала қазынасы»: Аргентинадағы Қазақстан мәдениеті

«Дала қазынасы»: Аргентинадағы Қазақстан мәдениеті

Басты жаңалық «Дала қазынасы»: Аргентинадағы Қазақстан мәдениеті

«Дала қазынасы»: Аргентинадағы Қазақстан мәдениеті

Росарио қаласында Қазақстанның дәстүрлі киімдеріне арналған «Дала қазынасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара 5 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған «Росарио-Алматы: бауырлас қалалар» жобасының аясында Мәдени университет кеңістігінде (ECU) өтті.

Ашылу рәсіміне Қазақстанның Елшісі Ирина Вагнер мен құрметті консул Густаво Гутьеррес қатысып, мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтті. Аргентиналық дизайнер Лола Монтероның қазақ мәдениетінің элементтерінен шабыт алған жоғары сападағы сән топтамасына ерекше назар аударылды.

Негізгі шарада көрме залында Қазақстанның төл дәстүрлі киімдерімен таныстырылды. Елші Ирина Вагнер өз эмоцияларымен: «Біз «Ұлы дала қазынасын» ұсынып жатқанымызға ерекше ризамыз. Сондай-ақ, мәдениетіміздің әсемдігі мен тереңдігі қонақтарды тамсандырып жатқанына қуаныштымыз»,- деп бөлісті.

Сонымен қатар, Ирина Вагнер Қазақстанның нағыз мәдени елшісі деп атаған қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге: «Димаштың арқасында әлемдегі көптеген адамдар арасында көзге көрінбейтін байланыс орнады», — деп ризашылығын білдірді.

Қазақтың Ұлттық аспабы домбырамен толықтырылған көрме келушілерді қазақ мәдениетінің тынысына қанықтырды. Ашылудағы музыкалық және би қойылымдары қазақ пен аргентиналық дәстүрлерді, соның ішінде аргентинаның әйгілі танго биін байланыстыра отырып, мерекенің бояуын одан әрі қанықтыра түсті.

Росарио тұрғындарына Қазақстанның мәдени мұрасымен танысуға және елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бірегей мүмкіндік беретін бұл көрме 12 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...