ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Dears Стамбулда Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концертіне дайындалып жатыр

Dears Стамбулда Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концертіне дайындалып жатыр

Dears Dears Стамбулда Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концертіне дайындалып жатыр

Dears Стамбулда Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концертіне дайындалып жатыр

24 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласындағы әйгілі «Бешикташ» стадионында Димаштың 30 жасқа толу туған күнін тойлауға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша ауқымды шараны дайындауға концерт өтетін елдің фан-клубы белсене қатысады.

Бұл жолы да түрік фан-клубы алғашқы күннен бастап қызу жұмысын бастап кетті. Dears 41 тілге аударылған концертке шақыртуларды дайындап, концертке байланысты ақпараттарды әлеуметтік желілерде жариялап және 77 елдің 243 аккаунтқа жіберілген болатын.

«Ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергеннің 30 жылдық мерейтойын біздің қиялымыздан да асатындай керемет тосын сыйларға толы мерекеге айналдыруға және «бәріміз бір аспан астында бірігеміз» деген ұғымның қалыптасуына үлесімізді қосып, жүрегіміздегі махаббатымызды бүкіл әлемге паш етуге дайынбыз ба?», — деген қобалжуға толы сұрақтар әртістің жеке концерттері алдында алыстан келетін қонақтарға көмектесу үшін танымал мессенджерлерде құрылған топтарда толастар емес.

Концертке келуді жоспарлап отырған әртүрлі тілде сөйлесетін Dears чаттарда жергілікті фан-клуб өз елі туралы ақпарат беріп, басқа елдерден келген адамдарға тұру, саяхат және экскурсиялық сапарлар мәселелерін шешуге көмектеседі.

Әншінің жанкүйерлері Димашты Ыстамбұл әуежайында күтіп алып, 26 ақпан күні баспасөз мәслихатына қатысты. Баспасөз мәслихатында тұсауы кесілген «When I’ve you» жаңа музыкалық бейнебаянының «вампир» тақырыбына сәйкес Dears-тың стильдендірілген қара плащтар мен әдемі маскарад маскалары іс-шараға ерекше атмосферасын сыйлады.

Дәл қазір концертке дайындық қызу жүріп жатыр. Түрік фан-клубы алдағы шоуға арналған материалдармен бөлісуді жалғастыруда.

Ал 23 мамырға фандомға арналған дәстүрлі Dears pre-party жоспарланып отыр.

Қазір көптеген түрік Dears фан-клубы Димаштың концертіне бейне-шақырулар дайындауға ұсынған акцияға қатысуда. Бұл жобаның мақсаты — әлемнің әр түкпіріндегі әншінің жанкүйерлеріне музыка мен өнерде шек жоқ екенін көрсету.

«Қолдауларыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін мың алғыс! Сіздерсіз және сіздердің махаббаттарыңыз болмаса менің барлық атқарып жатқан істерімнің мәні болмас еді. Менің әрбір туындымды қолдағандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, Түркиядағы өнерге немқұрайлылық танытпайдын әрбір азамат пен алдағы концертті ұйымдастыруға атсалысып жатқан жандарға шын жүректен рахмет айтамын.
Біздің ұлтаралық достығымыз бен рухани байланысымыз нығая беруіне тілектеспін. Ең бастысы — жақсылық болсын. Сіздерді, менің игі ниетті және әппақ көңілді менің тыңдармандарым алдағы концертімде асыға күтемін. 24 мамырда естеріңізде мәңгі сақталатын жоғарғы деңгейдегі концерт өткізу үшін бар күшім мен өнерімді салуға дайынмын», — Димаш Құдайберген. 2024 жылғы 26 ақпанда Ыстамбұлдағы баспасөз мәслихаты.

Соңғы жаңалықтар

Қалыптасқан шеңберден тыс кеңістік: Димаш DIMENSIONS жобасының екінші тарауын ұсынады

Екінші тарау | Шекараларды бұзып.. 3D-пиксель фрагменттері әртүрлі өлшемдерден құрастырылғандай әсер қалдыратын кеңістік қалыптастырады. Бөлшектер экран шекарасынан асып шығып, шынайы...

DIMENSIONS: Димаш әлемдік турдың алғашқы тарауының концепциясын таныстырды

1-тарау | Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына...

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...