ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш 10-шы «Жібек жолы» Халықаралық кинофестивалінің жабылуында өнер көрсетті

Димаш 10-шы «Жібек жолы» Халықаралық кинофестивалінің жабылуында өнер көрсетті

Dimash World Димаш 10-шы «Жібек жолы» Халықаралық кинофестивалінің жабылуында өнер көрсетті

Димаш 10-шы «Жібек жолы» Халықаралық кинофестивалінің жабылуында өнер көрсетті

27 қыркүйекте Қытайдың Фучжоу қаласында өткен «Жібек жолы» 10-шы Халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатына Димаш Құдайберген қатысты.

Димаш Қызыл кілемге жаңа талғампаз кейіпте шығып, фестивальдің мерейтойлық баннеріне қолтаңба қалдырды.

«Жібек жолы» Гала-концерті теңіз сұлулығы мен Қытайдың дәстүрлі қызыл реңктерін біріктіретін терең түстерге толы керемет сахнада өтті.

Кешті ашу құрметі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген және алты жыл бұрын «I am a Singer» жобасына бірге қатысқан қытайлық әнші Тиа Рэйге берілді.

Тиа мен Димаш Қытай халқы үшін ерекше және Фучжоу үшін ерекше символикалық «Жасмин» әнін орындады. Бұл Қытай халық әні 18 ғасырда пайда болған. Ғасырлар бойы ол көптеген нұсқалар мен вариацияларға ие болды, бірақ Қытайда және шетелде көптеген маңызды іс-шаралардың тұрақты серігі болып қала берді.

Димаш Қытайдың басты музыкалық рәміздерінің бірі «Жасмин» әнін бірнеше жыл бұрын, 2018 жылы «Sing New Era» сияқты Аспан асты патшалығының түрлі ірі концерттерінде (https://youtu.be/69RSkKu7MOs), «Шығыс, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік» шоуы, 2020 (https://youtu.be/hvXeLsP1J70), Көктем гала фестивалі 2023 (https://youtu.be/AGgEGKR3kTg) және тағы басқа шараларында орындады.

Осы кеште ән мүлдем жаңа түстермен ойнады: дәстүрлі түрде вокалистер дуэтінен басталып, нөмір бишілердің орындауындағы әлемнің әртүрлі халықтарының стиліндегі жігерлі попурримен жалғасты. Сахнадағы үлкен хормен және соңы отшашумен үйлесім тапқан нөмір кештің нағыз ашылуына айналды.

Соңғы жаңалықтар

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...