ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында өнер...

Димаш Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті

Dimash World Димаш Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті

Димаш Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті

8 қыркүйекте Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған этникалық спорт түрлерінен өздерінің мықты қырларын көрсетіп бағатын 2500-ден астам спортшы жиналды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанда, 2022 жылы Түркияда өткен болатын. Ал 2024 жылы Қазақстанның астанасы 90-ға жуық елден қонақтарды қабылдайды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енеді.

Ойындардың ашылуы «Астана Арена» стадионында өтті. Қатысушы командалардың салтанатты маршы, шығармашылық топтар мен танымал өнерпаздардың өнер көрсетуі спортшылар мен кеш қонақтарына ерекше әсер сыйлап, бірлік пен халықтар достығының беріктігін көрсетті.

Ашылу салтанатын аяқтау құрметі Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайбергенге берілді. Қазақстандық өнерпаз «Киелі мекен» композициясын орындады. Әннің әуенін қазақ композиторы Ерболат Құдайберген жазса, сөзі DimashAli шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаевтікі.

Рок пен этникалық стильді біріктіретін күшті музыка стадионды бірден өзіне баурап алды. Әнші әнінің сөзі мен әуені арқылы еліне, халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік пен шексіз мақтаныш сезімін дәріптеді. Кез келген тұлға үшін қасиетті нәрсе – тамыры тереңге жайылған ата-бабасы мен атадан қалған мұраны құрметтеу екенідігін тағы да бір дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...