ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Baqytty Bala 2023 финалистеріне видео үндеу жазды

Димаш Baqytty Bala 2023 финалистеріне видео үндеу жазды

Dimash World Димаш Baqytty Bala 2023 финалистеріне видео үндеу жазды

Димаш Baqytty Bala 2023 финалистеріне видео үндеу жазды

Ақтөбедегі «Өнер орталығы» концерт залында Baqytty Bala V мерейтойлық балалар вокалдық байқауының аяқталуына орай Гала-концерт өтуде. Димаш Құдайберген жас вокалистерді құттықтап, оларға болашақта әлемдік сахналарда өнер көрсетулерін тіледі.

“Ассалаумағалейкум! Құрметті бауырлар, құрметті достар, құрметті «Бақытты бала» байқауының тұрақты тыңдармандары, көрермендері.
«Бақытты балаға» қатысып жатқан барлық бүлдіршіндерге шын көңілден үлкен рақмет айтқым келеді. Және де алдарындағы үлкен белестерді бағындырып, еліміздің атын күллі шартарапқа, күллі әлемге тарататын бүлдіршіндер өздеріңіздің араларыңызда бар екендігін айтқым келеді.
Байқаудың ұйымдастырылуында ерекше ат салысып жүрген қарындас-бауырларымызға, ағайындарымыздың бәріне рақмет айтқым келеді. Мен де қазір Лос-Анджелес қаласында болсам да, барлығын түбегейлі қарап, балаларымыздың жақсы өнер көрсетуіне тілектес болып отырмын. Алла қалласа, алдағыда үлкен-үлкен әлемдік сахналардан көріне беріңіздер деп айтқым келеді. Сәттілік.” — деп бөлісті өнер иесі өзінің видео үндеуінде.

Соңғы жаңалықтар

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...