ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Димаш Baqytty Bala конкурсында

Димаш Baqytty Bala конкурсында

Басты жаңалық Димаш Baqytty Bala конкурсында

Димаш Baqytty Bala конкурсында

Baqytty Bala байқауының шешуші ІІІ кезеңі мәреге жетті. Байқауға Димаш Кұдайбергеннің өзі келіп, қатысушылардың өнерін тамашалап, әсерімен бөлісті.

 

Baqytty Bala-2021 байқауының екінші кезеңі 10 тамыз күні ерекше энергетикамен өтті.

Ақтөбе қаласының «Өнер орталығы» концерт залының керемет акустикасы қатысушыларға вокалдық шеберліктерін көрсетуде мүмкіндік берді.

Байқаудың режиссері Анна Обоянская. Оның кәсіби сценографиясының арқасында байқауға қатысушылардың әр номері толыққанды қойылыммен көркемделді.

11 тамыз сағат 17:00-де өтетін Гала-шоуда қазылар алқасы III маусым жеңімпаздарының тізімін жариялайды.

Гала концертке арнайы шақырылған қонақтар, Рухия Байдукенова, Ержан Максим, Қарақат Башанова, Әйгерім Тілеубек және Наргиз Жанұзақова көрермендерге өз өнерін көрсетеді.

Димаш байқаудың екі күні туралы өз әсерімен бөлісті:

«Өскелең ұрпақ ішінен талантты балалардың өсіп келе жатырғаны қуантады. Менімен бірге ұшып келген достарымызбен әзілдесіп жатырмын “ бұл балалар 5-6 жылдың ішінде мені де басқа әншілерді де пенсияға шығарады ғой” деп лайым солай болғай. Ең алдымен балаларымыз аман болып, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азамат-азаматшасы болсын. Мемлекетіміздің тұғырын бүкіл әлемдік аренада әлемге танытып, биік тұғырдан көрсетіп өсе берсін дегәм келеді. Балапандарымыз аман болсын, өте талантты, керемет шыны керек. Бірі мықты, бірі нашарлау болды деп айту қиын, өте тамаша.»

Соңғы жаңалықтар

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...