ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Димаш Dears-тің "Біз біргеміз!" акциясы үшін алғыс айтты

Димаш Dears-тің «Біз біргеміз!» акциясы үшін алғыс айтты

Басты жаңалық Димаш Dears-тің "Біз біргеміз!" акциясы үшін алғыс айтты

Димаш Dears-тің «Біз біргеміз!» акциясы үшін алғыс айтты

Димаш Құдайбергеннің туған күні қарсаңында әлемнің 50 еліндегі Dears бірігіп, «Алматы Арена» кешенінің алдындағы алаңға 130 ағаш отырғызды. Әнші жанкүйерлеріне керемет акция мен берік достығы үшін алғыс айтты.

Димаштың «We are one» – «Біз біргеміз» әні оның шығармашылығының барлық жанкүйерлері үшін әнұранға, әлем үшін қиын уақыттағы үміт шамына айналды және әлемнің түкпір-түкпіріндегі Dears-тің бірігуіне ықпал етті.

Димаштың туған күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 50 елдің 61 фан–клуб мүшелері Димаш жиі жұмыс істейтін және шабыт алатын Қазақстанның мәдени орталығы – Алматыда ағаш отырғызу туралы шешім қабылдады.

Ағаш отырғызу үшін қаладағы ең үлкен «Алматы Арена» спорт және мәдениет сарайы алдындағы алаң және жақын маңдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры мен «Alatau creative Hub» инновациялық мәдени орталығының алдындағы алаң таңдалды. Акцияға қатысушы барлық Dears атынан қазақстандық фан-клуб өкілдері 130 ағаш отырғызды.

Димаштың фан-клубтары бірлігінің нышаны ретінде сол жерде «Өмір ағашы» атты стенд орнатылды. Бұл — үйлесімділікті, шексіз дамуды және жоғары ұмтылысты бейнелейтін үздіксіз өмірдің, ғаламның және бірліктің символы.

Стендтің ашылу салтанатына Алматы қаласының Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков, аудан әкімдігінің қызметкерлері және Димаштың қазақстандық фан-клуб өкілдері қатысты.

Азамат Қалдыбеков өзінің Инстаграм парақшасында «Өмір ағашы» стеласы – адамдардың бір-біріне деген құрметінің, адамдардың табиғатқа деген жанашырлығының, ең бастысы — фан-клуб мүшелерінің сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенге шексіз сүйіспеншілігінің көрсеткіші», — деп пікір қалдырды.

Алматылық Dears өзінің Инстаграмында акцияға қатысқандардың барлығына үлкен алғыстарын білдірді. Олар акцияны жүзеге асыру үшін халықаралық команданың күш-жігері қажет болғанын айтты.

«Үш ай бойы стендті отырғызуға және орнатуға рұқсат алғаннан бастап, жобаны ақпараттық қолдауға дейін үлкен жұмыс жүргізілді. Уақыт пен жеке жұмыс айырмашылығына қарамастан, Команда аянбай еңбек етті. <…> Бұл жоба біздің күшіміз бірлікте екенін тағы да дәлелдеді. Біз, алматылықтар сияқты, сүйікті қаламызды абаттандыруға қатысқаны үшін барлық Dears-ке үлкен алғысымызды білдіреміз! Димашқа осындай тамаша адамдарды біріктіргені және игі істерге шабыттандырғаны үшін рахмет!», – деп атап өтілген жарияланымда.

Жобаны ұйымдастыру комитеті:

— Умут Кэтрон (АҚШ, клубтар арасындағы қарым-қатынас),
— Ольга Васильева (Ресей, редакция),
— Анна Кудинова (Ресей, эскиз және Стенд жобасы),
— Анна Заозерова (Ресей, ашық хаттар, алғыс хаттар, сертификаттардың графикалық дизайны),
— Наталья Макарова (Ресей, видеомонтаж), — Елена Шишигина (Саха Республикасы (Якутия), аударма),
— Бағдагүл Мұхамбетжанова (Қазақстан, аударма),
— Айгүл Тоғысбаева (Қазақстан, жобаны үйлестіру және ұйымдастыру),
— Зейнеп Чокина (Қазақстан, жобаны Алматыда ұйымдастыру),
— Гүлнар Ибраева (Қазақстан, жобаны Алматыда ұйымдастыру).

Жақында алаңға келген Димаштың өзі де акцияға бей-жай қарамады. Әнші бұл сыйлыққа өте риза болды және өз шығармашылығының жанкүйерлеріне шын жүректен алғыс айтты:

«Біздің көркем Алматы қаласына жасаған осындай сыйлық үшін Dears-тің әлемдік қоғамдастығына үлкен алғыс! Достықтарыңыз үшін көп рахмет!»

Ағаш отырғызу науқанын өткізгені үшін әрбір фан-клуб қатысушысы Алматы қаласының әкімінен сертификат және алғыс хат алды.

Соңғы жаңалықтар

Қалыптасқан шеңберден тыс кеңістік: Димаш DIMENSIONS жобасының екінші тарауын ұсынады

Екінші тарау | Шекараларды бұзып.. 3D-пиксель фрагменттері әртүрлі өлшемдерден құрастырылғандай әсер қалдыратын кеңістік қалыптастырады. Бөлшектер экран шекарасынан асып шығып, шынайы...

DIMENSIONS: Димаш әлемдік турдың алғашқы тарауының концепциясын таныстырды

1-тарау | Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына...

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...