ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Прагадағы жеке концертінің алдында жанкүйерлерімен кездесті

Димаш Прагадағы жеке концертінің алдында жанкүйерлерімен кездесті

Dimash World Димаш Прагадағы жеке концертінің алдында жанкүйерлерімен кездесті

Димаш Прагадағы жеке концертінің алдында жанкүйерлерімен кездесті

Қарашаның 21-і күні Димаш Құдайберген Прагада «Stranger» гастролі аясындағы жеке концертінің алдында әншінің шоуының медиа серіктесі болып табылатын ÓČKO TV чех телеарнасының студиясына шақырылды.

Бағдарламаны жазуды бастамас бұрын Димаш телеарна студиясының жанында жанкүйерлерімен кездесті. Өнерпаздың жанкүйерлері сүйікті әртісін қарсы алуға алдын ала жиналған болатын. Әуел бастан Димаштың концерттерін мүлт жібермейтін Dears пен осы қауымдастыққа біртіндеп қосылып келе жатқан басқа да жанкүйерлердің арасында чех, қазақ, орыс, ағылшын, испан, қытай және басқа да ұлт өкілдері болды.

Көпшіліктің алдына шыққан Димаш:

«Маған деген сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Менің өнерімнің ары қарай шарықтауының негізгі себебі сіздердің маған деген махаббаттарыңыз. Сіздердің шынайы қолдауларыңыздың арқасында сіздерге деген махаббатымның белгісі ретінде ертең мен өнерімді жан-жақты танытуға дайынмын. Құдай әрқайсыңызға разы болсын. Осындай мүмкіндіктерді тудырып жаттқан Аллама сансыз шүкірлер айтамын! Сондай-ақ, сіздердің арқаларыңызда менің танымалдылығым бұрынғыдан да арта түскендей болды. Сіздерге көп рақмет! Ертең концертте кездескенше».

Бағдарлама басталар алдында Димаш жанкүйерлерімен сөйлесіп, қолтаңбасын беріп, сүйікті жанкүйерлеріне ыстық жүректен шыққан өз сүйіспеншілігін жолдады.

Димаштың Прагадағы концерті 22 қарашада Sportovni Hala Fortuna аренасында өтеді. 19.30-да басталады. Кіру 18.00-ден басталады. Сіздерді асыға күтеміз, Dears!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...