ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбереннің "Smoke" әні америкалық "Amazon" және "iTunes" хит-парадтарында

Димаш Құдайбереннің «Smoke» әні америкалық «Amazon» және «iTunes» хит-парадтарында

Dimash World Димаш Құдайбереннің "Smoke" әні америкалық "Amazon" және "iTunes" хит-парадтарында

Димаш Құдайбереннің «Smoke» әні америкалық «Amazon» және «iTunes» хит-парадтарында

2025 жылдың қаңтар айында шетелдік басылымдарда қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген туралы бірнеше мақала жарияланды. Аргентина, Англия және Американың бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше талантты, қарапайым өмірлік ұстанымдары бар, мәдени тұлғалық қасиеттері үйлескен, әлемнің әртүрлі елдерінде жанкүйерлерінің сүйікті әншісіне айналған қазақстандық өнерпаз туралы бірнеше рет мақалалар жариялаған болатын.

Американдық «Haute Living» басылымының жаңа мақаласында:

«Димаш Құдайберген бүкіл әлем бойынша көрермендерді неоклассика, поп-музыка, қазақ фольклоры мен заманауи музыканың бірегей бірігуімен баурап алып, Азияның ең танымал әртістерінің біріне айналуда.

Димаштың өнердегі еркіндігі оған қайталанбас және мәңгі есте қаларлық дыбыстық ландшафт жасау үшін дәстүрлі қазақ әуендерін әлемдік музыкамен араластыра отырып, әртүрлі музыкалық стильдерді еркін зерттеп, жаңа өнер жауһарын ойлап табуға мүмкіндік беруде. Димаш үшін музыка – жай ғана көңіл көтеру құралы емес, бұл әлемдік сахнада Қазақстанның бай мәдениетін көрсетуге арналған платформа».

Бұқаралық ақпарат құралдары әншінің соңғы туындыларының ішінен 2024 жылдың 26 сәуірінде шыққан «Smoke» композициясына жүгінеді. Туындының композиторы – Димаштың өзі болса, ал мәтін авторлары Кэндис Келли мен Дмитро Гордон.

30 Қаңтарда «Smoke» трегі американдық чарттарда алдыңғы қатарға шықты. «iTunes Top 100» қосымшасында ән 32-орында тұр.

«Amazon» – дағы «Best Sellers in Songs» категориясында ән фольклорлық вайбты электронды музыкамен және барлық жағынан жоғары вокалмен үйлестіретін композиция ретінде үздік 10-ға кірді. Ал «Best Sellers in Pop» категориясында ән бірінші орынға шықты.

Соңғы жаңалықтар

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...