ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген алғаш рет Қытайдағы "Шамдар фестивалінде" Джеки Чан...

Димаш Құдайберген алғаш рет Қытайдағы «Шамдар фестивалінде» Джеки Чан фильміне саундтрек орындады

Dimash World Димаш Құдайберген алғаш рет Қытайдағы "Шамдар фестивалінде" Джеки Чан фильміне саундтрек орындады

Димаш Құдайберген алғаш рет Қытайдағы «Шамдар фестивалінде» Джеки Чан фильміне саундтрек орындады

12 ақпанда, ай күнтізбесі бойынша бірінші айдың 15-ші күні Шанхайда Қытайдың жаңа жылынан кейінгі Lantern Festival» / «Шамдар фестивалі» дәстүрлі мерекесіне орай түнгі шамдар жағылды. 

Dragon TV прайм-таймда Шанхай мәдениетінің дәстүрлері ежелгі шиыршық сияқты ашылып, көрерменді Шығыс эстетика әлеміне қызықты саяхатқа апарып, Қытай өркениетінің сұлулығын бүкіл әлемге тарататын қызықты мәдениетаралық бағдарламаны ұсынды.

Фестивальде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауында алғаш рет «这份爱 This love» / «Бұл махаббат» әні шырқалды. Джеки Чанның әйгілі композитор Нейтан Ванг жазған «Аңыз» саундтрегінің релизі 2024 жылдың 5 шілдесінде өтсе, 12 шілдеде кинофильмнің өзі жарыққа шықты. Димаштың әні киноның соңында қойылады.

Ерекше вокал мен үйлесімді баяндаудан тұратын музыка көрермендерді артефакт сияқты ежелгі уақытқа жетелеп, өткен мен болашақты байланыстырып, дәстүр мен қазіргі заманды біріктіреді.

DimashNews редакторлары Натан Вангпен байланысып, шамдар фестивалінде Димаштың «This Love» әнін орындауына қатысты пікірін білді.

Міне, оның бізбен бөліскені:

«Мен Димаштың осы әнді Шам фестивалінде орындап жатқанын мақтан тұтамын! Мен оны досым деп есептеймін және оған арнап жазған Джеки Чанның «Аңыз» фильміндегі әнді Димаштың өзі орындап жатқанына қуаныштымын. Димаштың «This Love» композициясын орындағанын әр естіген сайын, режиссер Стэнли Тонгтың композиторлар командасының бір бөлігі болғанымды, шыны керек, өзіме мақтаныш көремін. Ал Димаш бұл әнді орындай бастағанда, оның даусы асқақтап, тұла бойыңды шабытқа бөлейді! Мен үшін оның осындай ерекше фестивальде осы әнді орындап жатқаны ерекше бақыт».

Натан Ванг сонымен қатар бұл фестивальдің оның өзі үшін терең жеке мәні бар екенін айтты:

«Мен Лос-Анджелесте туып-өссем де, ата-анамның арқасында менің қытайдың бай мұраларына деген құрметім тереңдеді. Шамдар фестивалі туралы мен бастауыш сыныптан бері білемін. Бұл ай күнтізбесі бойынша бірінші айдың 15-інде тойланатын ата-бабаларымыздың құрметіне арналған мереке. Әкем маған бұл фестиваль кешірімділік пен бейбітшілікті білдіреді деп үнемі айтып отыратын.
Біз бұл мерекені отбасымызбен тойлайтынбыз. Кешкі аста әкем ата-анасы, ата-әжесі, ата-бабалары туралы есте қалған естеліктері мен әңгімелерін айтып беретін. Менің анам да дәл солай істейтін. Осындай отбасылық дастархан басындағы жиындар мен үшін әрқашан жылы сәттерімен маңызы ерекше болатын. Сол себепті де, мен “Шамдар фестивалін” жыл сайын асыға күтемін».

Сондай-ақ, мерекеде Димаш тайваньдық әнші Питер Ченмен, «Опера елесі» атанған Қытай нұсқасының жұлдызы Пан Ханвэйдің және әлемнің түкпір-түкпірінен келген басқа әншілермен бірге Сун әулетінен (1142-1207) шыққан Синь Цицзидің «青玉案·元夕The Lantern Festival Night» / «Шам фестивалінің түні» қытай поэзиясын музыка арқылы қайта жандандырды.

Әнде ақын «Шам фестивалі» кезіндегі мереке кешінде жарқырап тұрған мыңдаған ағаштарды, жұлдыздардың жаңбыр сияқты аспаннан құйғыта жауған сәтін Шығыстан соғып тұрған жел деп сипаттайды.

Нефрит шамдарының жарығында түні бойы балықтар мен айдаһарлар билеп, әшекейленген арбалар асығады. Ал басты кейіпкер көлеңкеде, қарбаластан қалыс қалған адам  жан серігін жанұшыра іздейді…

Соңғы жаңалықтар

DIMENSIONS: Димаш әлемдік турдың алғашқы тарауының концепциясын таныстырды

1-тарау | Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына...

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...