ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Almaty Open ATP 250 турнирінде жаңа туындысының...

Димаш Құдайберген Almaty Open ATP 250 турнирінде жаңа туындысының премьерасын ұсынды

Dimash World Димаш Құдайберген Almaty Open ATP 250 турнирінде жаңа туындысының премьерасын ұсынды

Димаш Құдайберген Almaty Open ATP 250 турнирінде жаңа туындысының премьерасын ұсынды

14 қазан күні Димаш Құдайберген Almaty Arena сахнасында өнер көрсетіп, Франция, АҚШ, Түркия және Қазақстан авторларының әндерін орындады. Сондай-ақ, ол композитор ретінде өзінің «Самғау» атты жаңа туындысын таныстырды.

Almaty Open ATP 250 – халықаралық деңгейдегі ірі теннис турнирлерінің бірі ғана емес, сонымен қатар әйгілі әртістер қатысатын ерекше мәдени шара.

Осы мерекелік кеште Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген көрермендерге бірнеше туындысын орындап, өзінің жаңа әнімен ерекше әсер қалдырды. Әншінің қазақ тіліндегі халыққа тарту еткен «Самғау» атты туындысы – аспанға самғаған қыранның өз халқы мен жалпы әлемге деген шексіз махаббатын бейнелейтін символдық арнау. Ән алғаш рет 5 қазанда Madison Square Garden сахнасында өткен Димаштың жеке концертінде шырқалып, кейін Мексикадағы “Stranger” шоуында екі рет орындалған болатын.

Сонымен қатар, Димаш қазақтың сүйікті авторы Сәкен Сейфуллиннің әйгілі «Тау ішінде» әнін заманауи аранжировкада орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл ән жаз бойына қазақстандық музыкалық рейтингтерде, соның ішінде YouTube-та да көш бастап, елдің сүйікті хиттерінің біріне айналған еді. Күздің салқын кешінде де бұл туынды жылы әсер сыйлап, залдағы көрермендерді бірге қосылып ән шырқауға жетеледі.

Кештің динамикасын арттырған тағы бір әсерлі сәт – түрік диджейі Бурак Йетермен бірлесіп жазылған «Weekend» әні болды. Бұл композиция 2023 жылы Анталиядағы жеке концерт алдында жазылып, кейін Димаштың «Stranger» тур бағдарламасына енгізілген.

Энергия мен романтикалық нәзіктіктің үйлесімін сақтай отырып, Димаш тағы бір тың премьерасы, екі мәрте «Грэмми» сыйлығының иегері Уолтер Афанасьефтің жетекшілігімен жазылған халықаралық жобасын орындады. «Love’s Not Over Yet» шығармасы алғаш рет мамыр айында Алматыдағы фан-кездесуде шырқалса, 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында Димаш оны Уолтер Афанасьефтің фортепиано сүйемелдеуімен орындаған болатын.

Көрсетілімінен соң Димаш кеш жүргізушілерінің әншінің турнирді тамашалап жүрген-жүрмегені туралы сұрағына:

– Бұл жарыс өз елімізде өтіп жатқандықтан және оған біздің спортшылар қатысып, Қазақстанның беделін көтеріп жүргендіктен, мүмкіндігінше қарап, қолдау көрсетуге тырысамын. Әрине, өзімді аса қызу жанкүйермін деп айта алмаймын, бірақ үнемі болмаса да, теннисті тамашалауға уақыт табамын.

Теннис ракеткасын қолыңызға ұстап көрдіңіз бе?

– Әрине, ұстағанмын, – деп жымия жауап берді ол.

Біздің теннисшілердің ішінде кімнің жанкүйерісіз?

– Барлығына бірдей. Қазақстанның туын көтеріп шыққан әр спортшы мен үшін қымбат, барлығының да жанкүйерімін, – деді Димаш.

Ал теннис туралы ән жазу жоспарыңызда бар ма?

– Шынымды айтсам, әзірге ондай жоспар жоқ. Бірақ болашақта бәрі болуы мүмкін, көре жатармыз.

Соңғы жаңалықтар

«Жақсылық жасап жарысайықшы»: Димаштың қарағандылық жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ізгі дәстүрді жалғастыруда

2026 жаңа жыл қарсаңында Қарағанды қаласындағы Димаш Құдайбергеннің фан-клубы ерекше қажеттіліктері бар, үй жағдайында әлеуметтік қызметтер алатын балаларды қолдауға...

Димаштың Мексикадағы фан-клубы ірі қайырымдылық бастамаға қайтадан қатысты

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы фан-клубы төртінші жыл қатарынан Мексика мен Латын Америкасы елдеріндегі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Польшадағы Қамқорлық үйінде қайырымдылық концертін өткізді

Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері DiVoices хорымен бірлесіп мәдени-қайырымдылық шара өткізді. 2026 жылғы 4 қаңтарда аталған хор мүшелері Польшаның Ольштын...

Altyn Bala: аналық қамқорлықтың Қазақстандағы алғашқы жөргек брендіне айналуы туралы

Қазақстандағы балалар жөргектері нарығы ұзақ жылдар бойы негізінен импорттық брендтер есебінен қалыптасты. Бұл өнімдер көбіне әмбебап сипатта ұсынылып, елдің...

Жаңа жыл қарсаңында Нью-Йорктегі Times Square экранында Димаш Құдайбергеннің бейнесі көрсетілді

31 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласының қақ орталығында орналасқан Times Square алаңында Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар бейнеролик көрсетілді. Жаңа жыл...