ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears «Жақсылық жасап жарысайықшы»: Димаштың қарағандылық жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар...

«Жақсылық жасап жарысайықшы»: Димаштың қарағандылық жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ізгі дәстүрді жалғастыруда

Dears «Жақсылық жасап жарысайықшы»: Димаштың қарағандылық жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ізгі...

«Жақсылық жасап жарысайықшы»: Димаштың қарағандылық жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ізгі дәстүрді жалғастыруда

2026 жаңа жыл қарсаңында Қарағанды қаласындағы Димаш Құдайбергеннің фан-клубы ерекше қажеттіліктері бар, үй жағдайында әлеуметтік қызметтер алатын балаларды қолдауға бағытталған «Жақсылық жасап жарысайықшы» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акция аясында қамқорлықтағы балалар мен олардың заңды өкілдеріне сыйлықтар табысталып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Іс-шара қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлап, ерекше назар мен шынайы қамқорлықтың үлгісін көрсетті.

Аталған қайырымдылық шара фан-клубтың жыл сайын жүзеге асыратын игі дәстүріне айналған. Белсенділер 2022 жылдың желтоқсан айынан бері әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүйелі түрде іске асырып келеді.

Мерекелік іс-шара Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының «Үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету бөлімі» ҚММ-нің қатысуымен өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оларды ізгі істерге жетелейтін басты үлгі — Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен азаматтық ұстанымы. Өнер иесі өз шығармашылығы мен жеке көзқарасы арқылы мейірімділікке, адамгершілікке және айналамыздағы адамдарға қамқор болуға үндейді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....