ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген АҚШ президентінің инаугурациясын мерекелеу апталығының ашылу салтанатына...

Димаш Құдайберген АҚШ президентінің инаугурациясын мерекелеу апталығының ашылу салтанатына қатысады

Dimash World Димаш Құдайберген АҚШ президентінің инаугурациясын мерекелеу апталығының ашылу салтанатына қатысады

Димаш Құдайберген АҚШ президентінің инаугурациясын мерекелеу апталығының ашылу салтанатына қатысады

Бүгін Димаш Құдайбергеннің Америка Құрама Штаттарында 17 қаңтар күні басталатын жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысатындығы хабарланды.

Дәстүр бойынша бұл іс-шараны Бауырлас қалалар ассоциациясы — «Sister Cities International» ұйымы өткізеді. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байден бұл ұйымның құрметті тең төрағасы болды. Сонымен қатар бұл іс-шараға дипломатиялық корпуста қатысады.

Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді.

Вашингтонда орналасқан «Sister Cities International» халықаралық үкіметтік емес ұйымының негізін 1953 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр қалаған.

Сол кезден бері АҚШ президенттері Джон Ф. Кеннеди, үлкен Джордж Буш, Билл Клинтон, Барак Обама және Дональд Трамп бұл ұйымның құрметті тең төрағалары болды.

70-жылға жуық тарихында «Sister Cities International» АҚШ қалалары және оның 130-дан аса мемлекеттердегі бауырлас қалаларының өзара әрекеттесуіне байланысты көптеген іс-шараларды өткізді.

Осы жылы «Sister Cities International» сегіз мәрте «Грэмми» жүлдегері — аңызға айналған әнші Дайон Уорвикке ұзақ жылдар еткен еңбегі үшін марапат ұсынады. Сонымен қатар, Дайон Уорвиктің әлемге «The Weeknd» ретінде белгілі үш мәрте «Грэмми» жүлдегері Абель Тесфаймен бірлесіп жұмыс жасай бастағаны белгілі болды.

«Sister Cities International» ұйымының негізі қаланғалы және АҚШ пен Қазақстанның қарым-қатынасы тарихында алғаш рет жаңа сайланған АҚШ президентінің инаугурациясын тойлау апталығын ашушы іс-шараға қазақстандық әнші — Димаш Құдайберген қатысады.

«Sister Cities International» іс-шарасынан бір күн бұрын, 16 қаңтарда қазақстандық орындаушының «DIMASH DIGITAL SHOW» атты алғашқы онлайн-концерті өткізіледі.

Билеттерді мына сілтеме бойынша сатып алуға болады:
https://www.tixr.com/groups/dimash.

Концертке арналған тауар сатылымы:
https://dimash-merchandise.myshopify.com/.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...