ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Басты жаңалық «DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына ұсынды.

«Ұстазым» — әр адамның өмірінде маңызды рөл атқаратын, білімімен бөлісіп, қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беретін ұстаздарға арналған музыкалық арнау.

Әнді Ермахан Аймахан, Нұржас Садырбай, Қымбат Жамбылбек және Диана Тұржанова орындады.

Музыкалық продюсері — Қанат Айтбаев. Әннің аранжировкасы мен дыбыс өңдеу жұмыстарын Рустам Төлешов атқарды.

«Ұстазым» — шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, олардың қабілетін ашуға, өз жолын табуға және алға ұмтылуына көмектесетін жандарға арналған алғыс әні.

Орындаушылар: Ермахан Аймахан, Нұржас Садырбай, Қымбат Жамбылбек, Диана Тұржанова

Әні: Қанат Айтбаев
Сөзі: Бауыржан Бабажанұлы
Музыкалық продюсері: Қанат Айтбаев
Аранжировкасы: Рустам Төлешов
Бейнеклип режиссері: Ғалым Асылов
«Айналайын» балалар хоры, жетекшісі: Гүлмира Жангелді

Соңғы жаңалықтар

Бір кеңістіктен екінші кеңістікке саяхат: Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарадағы DIMENSIONS шоуы

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...