ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Dimash World «Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды.

Димаштың есімі ерекше вокалдық қабілетінің арқасында әлеуметтік желілерде кеңінен танылған 21 жастағы бразилиялық әнші Вандерлей Жуниорға (Vanderlei Júnior) арналған телесюжетте аталды.

Сұхбат барысында жас өнерпаз Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен алғаш рет 13 жасында танысқаны туралы айтты. Дәл осы кезеңде оның классикалық вокал өнеріне деген қызығушылығы оянған екен.

«13 жасар кезімде Димаш есімді әншінің өнеріне ерекше тәнті болдым. Ол – Қазақстанның тумасы екен. Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстардың бірі деп есептеймін. Димаштың әндерін тыңдай жүріп, классикалық музыка әлемін тани бастадым. Сол кезде: «Мен де сол сияқты болғым келеді», – деп ойлағаным есімде. Оның өнері мені қанаттандырды», – деп бөлісті Вандерлей.

Қазіргі уақытта бразилиялық жас талант кәсіби музыкалық жолын қалыптастырып, опера өнерінің биік белестерін бағындыруға ұмтылуда.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...