ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының...

Димаш Құдайберген «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылуында өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылуында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылуында өнер көрсетті

2025 жылдың 5 сәуірінде Димаш Құдайберген Қазақстанның Ақтау қаласында «Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2025» жобасының ашылуы аясында өнер көрсетті. Жоба түркітілдес елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту мен аймақтың бай тарихи мұраны танытуға бағытталған.

Іс-шараға жобаға қатысушы әр түрлі елдерден делегациялар келді. Амфитеатр алаңына жиналған қала тұрғындары мен ашылу салтанатына арнайы келген қонақтардың саны 100 мыңға жетті.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген халықаралық музыканттар мен бишілер тобымен бірге репертуарындағы бірнеше хит әндерді орындады. Каспий теңізінің жағасындағы сахнадан «Golden», «Give me your love», «Weekend», «Stranger», «Любовь уставших лебедей», «Дурдараз», «Ұмытылмас Күн», «Махаббат бер маған», «Адай» әндері шырқалды.

«Ассалаумағалейкум! Қасиетті домбырамен тығыз байланысты Маңғыстаудың барша тұрғындарына қош келдіңіздер дегім келеді! «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем берер», – дейді дана қазақ. Құрметті ақтаулықтар, қымбатты жерлестер. Сіздердің маған және менің өнеріме деген ерекше махаббаттарыңызға алғысым шексіз!», – деп бөлісті Димаш.

Димаштың Ақтауға сапары барысында әншіге арнайы жасалған «шашақ» тұмары сыйға тартылды. Ақтаудағы жобаның салтанатты ашылуына арнайы келген маңғыстаулық 87 жастағы қолөнерші Шархат Төлемісова өз қолымен табыстады.

Димаш әлеуметтік желідегі жазбаларды көріп, қолөнершімен арнайы танысуды өтінді. Шархат Төлемісова Димашқа ерекше шашағы мен ақ батасын берді. Ал Димаш қолөнершінің 10 жасар шөбересіне өзінің кулоны мен сақинасын сыйға тартты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің атымен жүзеге асырылып жатқан табиғатты қорғау бастамаларына Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы Dears өкілдері қолдау көрсетуде

2026 жылдың мамыр-маусым айларында Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы Dears сүйікті өнерпаздарының туған күніне тарту ретінде ормандарды қалпына келтіру бағытындағы...

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында Димаш Құдайбергеннің құрметіне мерекелік іс-шара өтті

Манхэттеннің қақ ортасындағы Таймс-скверде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мерекелік LED-экрандар тағы да іске қосылды. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі әншінің...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері SOS Балалар ауылы Астанада халықаралық мерекелік шара ұйымдастырды

Димаш Құдайбергеннің 32 жылдығына орай Канада, Германия, АҚШ, Франция, Латвия, Мексика, Аргентина, Сербия, Перу және Қазақстаннан жиналған Dears жанкүйерлері...

Рухтың күші мен жеңіске деген жігер: Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері мүмкіндігі шектеулі спортшыларды құттықтады

Димаш Құдайбергеннің туған күні қарсаңында оның жанкүйерлері, «Dimash Karaganda» фан-клубының мүшелері Қазақстанның Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы ұйым үйде...

Димаш Құдайберген VIII Этноспорт мәдениеті фестивалінде өнер көрсетті

23 мамыр күні Ыстамбұл қаласындағы Ататүрік халықаралық әуежайы аумағында орналасқан Türk Telekom бас сахнасының маңына көрермендер концерт басталмай тұрып-ақ...