ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының...

Димаш Құдайберген «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылуында өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылуында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылуында өнер көрсетті

2025 жылдың 5 сәуірінде Димаш Құдайберген Қазақстанның Ақтау қаласында «Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2025» жобасының ашылуы аясында өнер көрсетті. Жоба түркітілдес елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту мен аймақтың бай тарихи мұраны танытуға бағытталған.

Іс-шараға жобаға қатысушы әр түрлі елдерден делегациялар келді. Амфитеатр алаңына жиналған қала тұрғындары мен ашылу салтанатына арнайы келген қонақтардың саны 100 мыңға жетті.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген халықаралық музыканттар мен бишілер тобымен бірге репертуарындағы бірнеше хит әндерді орындады. Каспий теңізінің жағасындағы сахнадан «Golden», «Give me your love», «Weekend», «Stranger», «Любовь уставших лебедей», «Дурдараз», «Ұмытылмас Күн», «Махаббат бер маған», «Адай» әндері шырқалды.

«Ассалаумағалейкум! Қасиетті домбырамен тығыз байланысты Маңғыстаудың барша тұрғындарына қош келдіңіздер дегім келеді! «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем берер», — дейді дана қазақ. Құрметті ақтаулықтар, қымбатты жерлестер. Сіздердің маған және менің өнеріме деген ерекше махаббаттарыңызға алғысым шексіз!», — деп бөлісті Димаш.

Димаштың Ақтауға сапары барысында әншіге арнайы жасалған «шашақ» тұмары сыйға тартылды. Ақтаудағы жобаның салтанатты ашылуына арнайы келген маңғыстаулық 87 жастағы қолөнерші Шархат Төлемісова өз қолымен табыстады.

Димаш әлеуметтік желідегі жазбаларды көріп, қолөнершімен арнайы танысуды өтінді. Шархат Төлемісова Димашқа ерекше шашағы мен ақ батасын берді. Ал Димаш қолөнершінің 10 жасар шөбересіне өзінің кулоны мен сақинасын сыйға тартты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Соңғы жаңалықтар

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...