ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

Dimash World Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада өнерпаздың жаңа DiMENSIONS концерттік турнесінің шымылдығы түріледі.

Польша Димашты алғаш рет қарсы алып отыр. Әуежайға әншіні қарсы алу үшін оның польшалық фан-клубының мүшелері мен концертке арнайы келген өзге елдердегі жанкүйерлері жиналды.

Шығармашылық белсенділігімен ерекшеленетін польшалық Dears жанкүйерлері өнерпазға арнап ерекше қарсы алу бағдарламасын ұйымдастырды. «Skalne Orły» оркестрі қазақстандық әншіні Польшаның дәстүрлі музыкалық туындыларын орындап қарсы алып алды. Олардың қатарында «Hej bystra woda», «Szła dzieweczka» әндері мен Подхале өңірінің халық әндері де болды.

Әуежайда ілінген көркем безендірілген баннерлер, түрлі елдердің тулары және польшалық фан-клубтың логотипі бейнеленген киімдер көпшіліктің сүйікті өнерпазын ерекше ықыласпен күткенін аңғартып, жылы әрі достық атмосфера қалыптастырды.

Жанкүйерлер Димашты поляк халқының дәстүрлі қонақжайлық белгісі саналатын нан мен тұз ұсыну рәсімімен қарсы алды.

Бүгін әуежайға Польша, Қазақстан, Франция, Румыния, Испания, Жапония, Италия, Канада, Аустралия, Германия және басқа да елдерден келген жанкүйерлер жиналды.

Ал 18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS концерттік турнесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Жаңа шоу, жаңа әндер мен жаңа кездесулерге толы ерекше музыкалық кеште жүздескенше, қадірлі достар!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...