ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Елисей сарайында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Елисей сарайында өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген Елисей сарайында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Елисей сарайында өнер көрсетті

4-5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Париж іс-сапары Қазақстан делегациясының құрамында дипломатиялық, іскерлік, ғылыми, шығармашылық және спорт салаларының көрнекті өкілдері болды.

4 қарашада Димаш Құдайберген қазақстандық делегацияның құрамында әйгілі Гиме мұражайында өткен «Қазақстан: Ұлы дала қазынасы» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорындағы Қазақстан тарихының түйінді кезеңдерін көрсететін 35 сирек жәдігер қойылды.

5 қарашада Елисей сарайында Франция президенті Эммануэль Макронның атынан мемлекеттік қабылдау өтті. Салтанатты шараға Франция Үкіметінің мүшелері, танымал саясаткерлер, іскери, ғылыми және дипломатиялық топтардың өкілдері, сондай-ақ екі елдің танымал мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.

Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайберген кеш қонағы ретінде, талғампаз көрерменнің сұрауы бойынша өзінің репертуарындағы белгілі «SOS d’un terrien en détresse» композициясын француз тілінде орындаса, қазақ тілінде қазақтың халық әні «Дайдидауды» шырқады.

Композитор, ақын және әнші, Францияның экс-бірінші ханымы Карла Бруни ханым өзінің Instagram желісінде Димашқа алғысын білдіріп, қазақстандық музыканттың орындауынан алған әсерімен бөлісті:

«Кешегі кеште қазақтың тамаша әншісі Димаш Құдайбергенді тыңдау бақытына ие болғаным мені шексіз бақытқа бөледі. Кейбір дауыстар бізді біздің мекендеген жер шарынан алысқа ұшырып, жұмаққа екі қадам жерге дейін жетелейді.
Бар болғаныңыз үшін рақмет, Димаш! Сіздің орасан зор талантыңыз үшін, абсолютті грацияңыз үшін, ерекше дауысыңыз үшін, қарапайымдылығыңыз бен мейірімділігіңіз үшін рақмет…».

 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Carla Bruni (@carlabruniofficial)

 

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...