ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «I am a Singer» жобасының сахнасына қайта...

Димаш Құдайберген «I am a Singer» жобасының сахнасына қайта оралды

Dimash World Димаш Құдайберген «I am a Singer» жобасының сахнасына қайта оралды

Димаш Құдайберген «I am a Singer» жобасының сахнасына қайта оралды

26 шілдеде Қытайдың HUNAN TV телеарнасының эфирінде «I am a Singer 2024» шоуының финалы өтті. Жаңа маусымда шоуды әйгілі қытайлық және басқа елдерден шақырылған әйгілі вокалистер басқарады.

Жобаның финалдық кезеңінде жеті қатысушыны қолдауға арнайы қонақтар келді. Димаш Құдайберген қазіргі заманғы R&B және джаз кроссоверімен байланысты америкалық әнші және актриса Шанте Мурмен дуэт болып өнер көрсетті. Көрермендер әртістер арасындағы шығармашылық байланысты сезініп, сахнадағы абсолютті өнердің шыңын яғни Димаш пен Шантенің американдық әнші және композитор Тедди Свимстің «Lose control» хитін орындағанын тамашалады.

Димаш 2017 жылғы шығармашылық жолында үлкен рөл атқарған «I am a Singer» сахнасына жеті жылдан кейін қайта оралды. Қазақстандық әртіс бұған дейін 2018 жылғы жобаның шақырылған қонағы ретінде Лионель Ричидің «Hello» әнімен өнер көрсетсе, 2019 жылғы шоуда Queen әнін Super Vocal тобының жігіттерімен бірге орындаған болатын.

«I am a Singer 2024» бағдарламасының көрсетілімі басталмас бұрын Димаш: «Жобаны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, мені жыл сайын қонақ ретінде шақырып, құрмет көрсетіп жатқандарыңыз үшін де көптен көп рахмет айтамын. Бұл сахнада өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе»,- деп өз ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында Димаш Құдайбергеннің құрметіне мерекелік іс-шара өтті

Манхэттеннің қақ ортасындағы Таймс-скверде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мерекелік LED-экрандар тағы да іске қосылды. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі әншінің...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері SOS Балалар ауылы Астанада халықаралық мерекелік шара ұйымдастырды

Димаш Құдайбергеннің 32 жылдығына орай Канада, Германия, АҚШ, Франция, Латвия, Мексика, Аргентина, Сербия, Перу және Қазақстаннан жиналған Dears жанкүйерлері...

Рухтың күші мен жеңіске деген жігер: Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері мүмкіндігі шектеулі спортшыларды құттықтады

Димаш Құдайбергеннің туған күні қарсаңында оның жанкүйерлері, «Dimash Karaganda» фан-клубының мүшелері Қазақстанның Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы ұйым үйде...

Димаш Құдайберген VIII Этноспорт мәдениеті фестивалінде өнер көрсетті

23 мамыр күні Ыстамбұл қаласындағы Ататүрік халықаралық әуежайы аумағында орналасқан Türk Telekom бас сахнасының маңына көрермендер концерт басталмай тұрып-ақ...

«TAU ISHINDE & DEARS»: Димаш Құдайбергеннің поляк жанкүйерлері өнер иесінің туған күніне арнап тосынсый әзірледі

Димаш Құдайбергеннің поляк жанкүйерлер клубы әншінің 32 жасқа толуына орай кең ауқымды әрі поляк халқына тән ерекше шығармашылық фантазиямен...