ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концерті алдында шетелдік басылымдарға сұхбат берді

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концерті алдында шетелдік басылымдарға сұхбат берді

Dimash World Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концерті алдында шетелдік басылымдарға сұхбат берді

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концерті алдында шетелдік басылымдарға сұхбат берді

Madison Square Garden аренасында өзінің алғашқы жеке концертіне дайындалып жатқан Димаш журналистермен тілдесіп, Қазақстаннан басталған әлемдік аренаға сапары, әлемдік деңгейдегі өнерпаз ретіндегі миссиясы, адамзат дауысының шексіз мүмкіндіктері туралы ойларымен бөлісті.

TMRW Magazine — Ұлыбритания Лондонда орналасқан, музыка мен мәдениетке бағытталған тәуелсіз журнал. Басылым мәдени құбылыстарды ерекше және заманауи тәсілмен ұсынуымен танымал.

Madison Square Garden сахнасында жеке концерт қойған алғашқы қазақстандық әртіс ретінде қандай сезімдесіз?

– Шынымды айтсам, мен тек алғашқы қазақ әншісі ғана емес, сонымен қатар MSG алаңында жеке концерт берген посткеңестік кеңістіктен шыққан ең алғашқы музыкант екенмін. Бұл – зор жауапкершілік. Алайда ол маған қорқыныш емес, керісінше, шабыттандырады. Біз өзімізді әлемнің келесі бір материгінде осындай аңызға айналған сахнада көрермен жүрегіне жол таба білген – мәдениет елшілері деп білеміз.

Сіз үшін концерттер кезінде қай тілдегі әндерді орындау ең күрделі деп санайсыз?

– Мен қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлеп, сол тілдегі әндерді де еркін орындаймын, сонымен қатар, ағылшын тілі де айтарлықтай қиындық тудырмайды. Итальян тілімен байланысым опера өнерімен сусындап өскен бала күнімнен басталғандықтан, роман тілдерінде ән айтуда интонациялық қиындықтар туындамайды.

Бірақ қытай тілі – мүлде бөлек әңгіме. Мұнда сөздің дәл дыбысталуын сезіну үшін тіл мамандарының көмегі аса қажет. Мен қытай тілінде 2017 жылдан бері ән айтып келемін, уақыт өте жеңілдей түскенмен, бәрібір көп еңбекті талап етеді. Бақытыма орай, маған әрдайым қолдау көрсететін кәсіби командам бар.

Әр түрлі мәдениет пен жанр өкілдерімен шығармашылық серіктестікті қалай таңдайсыз?

– Бұл жерде нақты ереже жоқ. Кейде ән бірден ұжымдық еңбектен туып, оған әр түрлі музыканттар, аспапшылар, аранжировщиктер қатысады. Кейде туындының өз дамуы барысында түрлі стильдік элементтер табиғи түрде қосылады.

Мысалы, Игорь Крутой жазған «Stranger» турының басты әнінде біз көне қазақ аспабы – қобыздың үніне ерекше мән бердік. Кейін жас аспапшылар қатысқан Virtuosos жобасында виолончельші Хаузер осы композицияға виолончельдің жаңа партиыняс қосып, бұл туындының кеңістігін бұрынғыдан да кеңейте түсті.

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден оқи аласыздар:
https://www.tmrwmagazine.com/en/news/dimash-qudaibergen-redefining-boundaries

Numéro Netherlands – әйгілі халықаралық сән, өнер және мәдениет әлеміндегі жаңалықтар мен тұлғаларды танытумен айналысатын Numéro журналының Нидерландыдағы басылымы.

Сізді Қазақстанның мәдени елшісі деп атайды. Қазақ болмысы мен ұлттық мәдениетті әлемдік аудиториямен қалай үйлестіріп жүрсіз?

– Бұл тепе-теңдікті сақтауға маған ең алдымен менің жанкүйерлерім көмектеседі. Dears — әр түрлі тілде сөйлейсе де, барлығын қазақ мәдениетіне деген ортақ қызығушылық біріктіретін нағыз ерекше отбасы. Олар қазақша әндер орындап, ұлттық аспаптарда ойнауды үйреніп, Қазақстанға келіп, тарихи мекендермен танысып та жүр. Мен оларға тек шығармашылығыма қолдау көрсеткендері үшін ғана емес, сонымен қатар халқымыздың мәдениетін қабылдап, құрметтеп жүргендері үшін де шексіз алғыс айтамын.

Сіз жуырда Hunan TV телеарнасымен бірлесіп халықаралық таланттар байқауын іске қоспақсыз. Бұл жобада Сізді бәрінен бұрын не толғандырады?

– Нью-Йоркке ұшар алдында біз бұл жобаның түсірілімдерін Қазақстанда аяқтадық. Бұл жай ғана таланттар байқауы емес, Hunan Broadcasting System-мен бірлесе жасалған музыкалық реалити-шоу.

Біз әншілердің өнер сайысын Қазақстанның тарихы, географиясы және мәдениетімен ұштастыруға тырыстық. Жобаға Қытай, Қазақстан, Малайзия, Италия, Сербия және Қырғызстаннан жас орындаушылар қатысты.

Жобаның авторы ретінде мен үшін ең қуанышты сәт – өз елімнің сұлулығын шетелдік қатысушылардың көзімен көру болды. Ендеше миллиондаған көрермені бар Hunan TV арнасы арқылы жаңа әлемдік жұлдыздың пайда боларына шын сенемін.

Сіз қазақ фольклорын, классикалық музыканы, операны және поп-жанрын еркін ұштастырасыз. Мұндай әр түрлі музыкалық әлемдерді үйлестірудің сыры неде?

– Шынын айтсам, мен бұл бағытта ешқандай жасанды тәсіл қолданбаймын. Барлығы шығармашылық шабыттан басталады. Ән үстінде жаңа идеялар пайда болып, аранжировкада ерекше дыбыстарды сезініп, команда да өз ұсыныстарын қосады. Мысалы, «Smoke» әнін жазу кезінде мен бірден домбыра үні керек екенін сезіндім. Сол сәтте Лос-Анджелесте шығармашылық сапарда едім, жанымдағы домбырамды қолыма алып, идеяны бірден жүзеге асырдық.

Маған әрдайым неоклассикалық музыканың тереңдігі мен эмоциялық кеңдігі ерекше ұнайды. Қазақ фольклоры мен классика, опера мен поп арасындағы үйлесімді табу мен үшін қиын емес, өйткені мен әр туындыны ерекше сезінемін.

Алдағы жылдары өз музыкаңыздың даму бағытын қалай елестетесіз? Жаңа жанрлар, жаңа тілдер немесе жаңа өнер түрлерін байқап көру ойыңызда бар ма?

– Жаңа өнер түрлері, – дейсіз бе? Мүмкін, сурет салу, мүсін жасау мен арқан үстімен жүруді меңгеру керек шығар. Мен батутта секіріп, аспан астында ұшып көрдім, енді жаңа нәрселерді байқап көруге де қарсы емеспін.

Ал музыка әлемінде қызығушылығым шексіз. Қазір әлемде күн сайын жаңа бағыттар мен идеялар туып жатыр, сондықтан болашақты нақты болжау мүмкін емес. Ең қызығы – өзіңнің шығармашылық жолыңды бақылау, уақыттың сені қайда апарарын көру.

Кім біледі, ертең естіген бір әуен, көрген бір бейне немесе сезінген бір сәт менің музыкалық ойлауымды 180, тіпті 360 градусқа өзгертіп жіберуі ғажап емес. Барлығын бақыт көрсетеді.

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеге өту арқылы оқи аласыздар:

https://www.numeronetherlands.com/in-conversation-with/in-conversation-with-dimash-qudaibergen

Соңғы жаңалықтар

«Бұл – мультисенсорлық сапар болды» – Мехикода өткен Димаш Құдайбергеннің концерттері туралы мексикалық БАҚ пікірлері

Димаштың Мексикадағы алғашқы жеке концерттері тек әншінің жанкүйерлері арасында ғана емес, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының да зор қызығушылығын тудырды. Алғашқы...

Мексикадағы зор табыс: Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы екінші концертін өткізді

10 қазан күні Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы табысын тағы да қайталады – Мехикодағы әйгілі «Palacio de los Deportes»...

Шетелдік БАҚ Димаштың Нью-Йорктегі концерті туралы жазуда

NYS Music – Нью-Йорк штатындағы тәуелсіз музыкалық және өнер журналистикасын қолдайтын коммерциялық емес ұйым. Басылым күн сайын музыкалық шолулар,...

Димаш Құдайберген Мексикадағы Қазақстан Елшілігінде кездесу өткізді

9 қазан күні Мексикадағы жеке концерттері арасындағы үзіліс кезінде Димаш Құдайберген Қазақстан Елшілігінде мекендейтін қазақ диаспорасының өкілдері мен жергілікті...

«Besame Mucho» Димаш Құдайбергеннің орындауында – Мексикадағы алғашқы жеке концерті

8 қазан күні Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы тұңғыш жеке концертінде – Мехико қаласының ең әйгілі концерт залдарының бірі «Auditorio...