ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Мексика Димаш Құдайбергеннің концерттері алдындағы дәстүрлі pre-party кешінде әлемнің...

Мексика Димаш Құдайбергеннің концерттері алдындағы дәстүрлі pre-party кешінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears жанкүйерлерін қарсы алды

Dears Мексика Димаш Құдайбергеннің концерттері алдындағы дәстүрлі pre-party кешінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears...

Мексика Димаш Құдайбергеннің концерттері алдындағы дәстүрлі pre-party кешінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears жанкүйерлерін қарсы алды

Мехико қаласы Димаштың екі концертінің алдында ұйымдастырылған дәстүрлі pre-party шарасына әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears қауымын ерекше ықыласпен қарсы алды.
Бұл кешке Димаштың Мексиканың түрлі штаттарынан және Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Гватемала, Доминикан Республикасы, Колумбия, Венесуэла, Эквадор, Перу, Боливия, Чили, Аргентина және Уругвай сияқты Латын Америкасы елдерінен келген 372 жанкүйері қатысты. Сондай-ақ кешке Сербия, Германия, Польша, Ресей және АҚШ қалаларынан келген жанкүйерлер де қатысты.

Кештің жүргізушілері – мексикалық әртістер Элиас Тоскано мен Хильде Руис өздерінің тартымдылығы мен таланттары арқылы көрерменнің назарын өздеріне бұрды. Кештің тақырыптық өзегі ретінде дәстүрлі мексикалық кермес алынған болатын. Ол ептілік пен сәттілікке негізделген 22-ден астам ойынды қамтыды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының ескерткіштері мен ұлттық нышандары бейнеленген карталармен өткізілетін лотерея да болды.

Кеш барысында 50-ден астам лотерея ойнатылып, мексикалық фан-клубтар мен Қазақстан Елшілігі ұсынған сыйлықтар табысталды. Олардың ішінде Магда Евангелистаның «Димашқа хаттар» кітабы, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің литографиялары және Қазақстан шоколады да болды.

Музыкалық бағдарламада қонақтар Femenil Amazonas тобының жетекшісі Алехандра Карбаллидоның орындауындағы әйгілі «Bésame Mucho», «Historia de un Amor» және басқа да классикалық шығармаларды тыңдау бақытына ие болды.

«Tradición Mexicana» фольклорлық би ансамблі Оңтүстік Мексиканың дәстүрлі карнавал билерін қамтыған әсерлі көріністерін қойды. Мексикалық сопрано Сараи Кастаньеда Димаштың төрт әнін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Әнші әрі композитор Регина де Овандо доктор Хильда Вёлермен бірлесе жазған Димаштың «El Amor en Ti» шығармасының акустикалық нұсқасын орындады.

Кеш соңында би алаңында Димаштың ең серпінді әндері — «Tau Ishinde», «When I’ve Got You», «Golden», «Weekend», «Stranger» және «Give Me Your Love» шырқалды.

Кештің ең әсерлі сәті – Димаштың анасы, Светлана Айтбаеваның сахнаға көтерілген кезі болды. Қатысушылар оны ыстық ықыласпен, ерекше қошеметпен қарсы алып алды. Өз сөзінде Светлана Қайырқызы өз отбасының атынан ризашылығын білдіріп, Мексика халқының мәдени байлығы мен әуежайдағы жылы қабылдауларына ерекше алғыс айтты.

Оның сөздерін ағылшын тіліне Қазақстан Елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Ерлан Кубашев, ал испан тіліне доктор Хильда Вёлер аударды.

Кеш түн ортасына дейін жалғасып, Димаш Құдайбергеннің музыкасы арқылы жанкүйерлердің бойын ортақ қуаныш пен нәзік сезім биледі.

Мексикалық жанкүйерлер алдағы Димаш Құдайбергеннің концерттері жайлы өз әсерлерімен DimashNews редакциясымен бөлісті:

«Димаштың Латын Америкасына келуінің өзі керемет жағдай, арманымыздың орындалған сәті! Концерт жарияланған сәттен бастап, қуаныштан көз жасымды тоқтата алмадым. Алдағы концерттер ерекше болмақ, өйткені Мексика да, бүкіл Латын Америкасы да оны ерекше құрметтеп, шынайы жақсы көреді. Біз концертте соншалық энергия пен махаббат сыйлаймыз, Димаш оны міндетті түрде сезеді».

«Мексиканың солтүстігінде де, орталығында да, оңтүстігінде де Димаштың көп тыңдарманы жетерлік. Бүгін мұнда елдің түкпір-түкпірінен – Юкатаннан Тихуанаға дейін, бүкіл Мексика Республикасынан жанкүйерлері жиналды».

«Дәрігер ретінде мен Димаштың музыкасын оңалту жұмыстарында қолданамын. Оның дауыс диапазоны мен әуендік әсері адам ағзасына шипа береді, өйткені ол жүйке жүйесін сергітеді. Мен студенттер мен пациенттерге арналған көптеген шеберлік сабақтарын Димаштың музыкасына сүйеніп өткіземін».

«Мен алғаш естіген әнім – “S.O.S” еді. Сол сәтте Димаштың дауысы мені қатты толқытты, сонда мен: бұл – тағдыр, мен оның кім екенін білуім керек деп шештім».

«Қазақстан – өте мәдениетті ел. Димаш өз Отанын сүйіп қана қоймай, қазақ мәдениетін бүкіл әлемге танытып жүр. Енді Димаштың арқасында Қазақстан менің жүрегімде мәңгілікке орын алды».

Соңғы жаңалықтар

Димаш Шахтерлер күніне арналған мерекелік концертке қатысу үшін Қарағанды қаласына келді

28 тамызда Димаш пен оның командасы ауқымды жобаға қатысу үшін Қарағандыға келді. Бүгінде репетициялар қызу жүріп жатыр. Ал ертең Димаш...

Димаштың шығармашылығын қолдауға арналған Мексикалық Dears тобының акциясы жергілікті БАҚ назарын аударды

Мексикадағы Димаштың жанкүйерлері креативті акциясы арқылы тағы да жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Lucha Libre-ге арналған арнайы іс-шара...

Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

23 тамызда Польшадағы Токарняда орналасқан Келецкая ауыл мұражайында Нан мерекесі өтті. Іс-шара аясында Димаш Құдайбергеннің поляк фан-клубының мүшелері ақпараттық...

Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Эпилог | Бастау. Кеңістік. Ғаламның шетсіз-шексіз кеңістігі аясында бәсең қанықтықтағы жұмсақ қана жарық Димаштың кескін бейнесінің айқын әрі нәзік сызықтарын...

Қалыптасқан шеңберден тыс кеңістік: Димаш DIMENSIONS жобасының екінші тарауын ұсынады

Екінші тарау | Шекараларды бұзып.. 3D-пиксель фрагменттері әртүрлі өлшемдерден құрастырылғандай әсер қалдыратын кеңістік қалыптастырады. Бөлшектер экран шекарасынан асып шығып, шынайы...