ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Мексикадағы екі аншлаг: Димаш Құдайбергеннің концерттері қай жерде өтеді

Мексикадағы екі аншлаг: Димаш Құдайбергеннің концерттері қай жерде өтеді

Dimash World Мексикадағы екі аншлаг: Димаш Құдайбергеннің концерттері қай жерде өтеді

Мексикадағы екі аншлаг: Димаш Құдайбергеннің концерттері қай жерде өтеді

Бүгін, 8 қазан күні, Димаш Құдайберген Мексика астанасында алғаш рет жеке концертін өткізеді. Шоу әлемнің ең беделді концерт залдарының бірі – Auditorio Nacional сахнасында өтпек.

1952 жылы салынған бұл мәдени орталық талай айтулы оқиғалардың куәсі болған. Мұнда Олимпиада ойындары, «Әлем аруы» байқауы, театр қойылымдары мен әлемге әйгілі әртістердің концерттері өткен.

2007 жылдың қарашасында Auditorio Nacional 10 000 орындық ең үздік концерт алаңы ретінде Billboard Touring Award сыйлығын иеленді.

Алғашында бір концерт жоспарланған болатын, алайда 10 000 билет бірнеше сағаттың ішінде сатылып кеткен соң, ұйымдастырушылар бірден екінші концерт өткізу туралы шешім қабылдады.

Бұл – Димаштың мансаптық жолында үшінші рет қайталанып отырған ерекше жағдай. Бұған дейін дәл осындай аншлаг 2019 жылы Мәскеуде және 2024 жылы әншінің отаны – Астанада болған еді.

Екінші концерт одан да үлкен алаңда – Palacio de los Deportes сарайында өтеді. Дегенмен, мұнда да билеттер жылдам сатылып кетті. 10 қазан күні өтетін концерт 20 000 көрерменге арналған залда, толық аншлагпен ұйымдастырылады.

Palacio de los Deportes – Мексиканың ең ірі жабық ареналарының бірі. 20 мыңға дейін көрермен сыятын бұл алаң ірі көрмелер мен рок және поп-жанрындағы әйгілі концерттер өтетін орын ретінде танымал. Өз тарихында бұл сахнада Мексиканың және әлемдік музыка жұлдыздарының 400-ден астам концерті өткен.

Соңғы жаңалықтар

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...