ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Сәкен Сейфуллиннің «Tau Ishinde» әні Димаш Құдайбергеннің Madison Square...

Сәкен Сейфуллиннің «Tau Ishinde» әні Димаш Құдайбергеннің Madison Square Garden сахнасындағы шоуында

Dimash World Сәкен Сейфуллиннің «Tau Ishinde» әні Димаш Құдайбергеннің Madison Square Garden сахнасындағы шоуында

Сәкен Сейфуллиннің «Tau Ishinde» әні Димаш Құдайбергеннің Madison Square Garden сахнасындағы шоуында

5 қазан күні бұл аңызға айналған сахнада алғаш рет мыңдаған адам қазақ тілінде ән шырқады. Олар арнайы шақырылған кәсіби ұжым емес, халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне жиналған көрермендер болатын.
Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Осылайша, Димаштың ана тілі – қазақ тілі сол кеш бойы асқақ естіліп, көрермендер әр қазақша әнді зор ықыласпен, шын жүректен бірге шырқады.

Көпшілікке ыңғайлы болу үшін сахна артындағы үлкен экрандарда көп әндердің қайырмалары латын әрпімен көрсетілді. Алайда, көпшілік қауымның “Pai-pai shırkın, umytylmas kün” мен “Mahabbat ber magan, tagdyr” әндерінің сөздерін жатқа білетіндігінен экрандағы жазулар қажет болмады.

“Ұмытылмас күн” мен “Махаббат бер маған” жолдарын Dears жаттап алып әр концерт сайын сүйікті әртістерін қолдап, ерекше рух беріп келеді. Ал Димаш әр концерт сайын өз тыңдармандарының ықыласына марқайып, риясыз қуанып келеді.

Осы кеште Madison Square Garden сахнасында алғаш рет Димаштың жаңа әні “Tau Ishinde” де орындалды. Көрермендер “Tatti sözın, qara közın. Bilgeisin kelgenimdi jalgız özin” деген қайырманы бірге шырқап, әйгілі аренаны ерекше қуанышқа бөледі.

Жанкүйерлерінен шабыт алған Димаш кейін “Tau Ishinde” әніне түсірілген бейнебаянның қысқаша нұсқасын өз YouTube арнасына жариялады. Видеоны тамашалап, ерекше ләззат алыңыздар!

Қолдауларыңыз бен шексіз махаббаттарыңыз үшін алғысым шексіз, қымбатты Dears! Келесі концерттерде жолыққанша!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...