ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Бұл түн тарихта мәңгі қалмақ. «Бір аспанның тарихы» –...

Бұл түн тарихта мәңгі қалмақ. «Бір аспанның тарихы» – Madison Square Garden көрермендері Димаш Құдайбергеннің қойылымын қалай қабылдағаны туралы

Dimash World Бұл түн тарихта мәңгі қалмақ. «Бір аспанның тарихы» – Madison Square Garden...

Бұл түн тарихта мәңгі қалмақ. «Бір аспанның тарихы» – Madison Square Garden көрермендері Димаш Құдайбергеннің қойылымын қалай қабылдағаны туралы

Шынында да, бұл кеш тарихи сәтке айналды. Бірақ сол концерттің ішінде ерекше орын алған бір туынды бар – ол «Бір аспанның тарихы»…

«Мыңдаған жүрек. Бір дем. Бұл түн тарихта да, менің жүрегімде де мәңгі қалады.

Осы арманды менімен бөліскен менің командама, музыканттарға, көрермендер мен осы сапарға сенім артқан әрбір жанға алғысым шексіз.

Музыка бізді біріктіріп, соның нәтижесінде Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен жүрекке, жаннан жанға жетеледі», – деп Димаш Нью-Йорктегі концерттен кейін өзінің Instagram парақшасында өз ойымен бөлісті.

Сол кештің финалында Димаш өзінің авторлық туындысын – үш жылдан астам уақыт бойы жазылған, төрт ірі конфессияның музыкалық және тарихи элементтері тоғысқан шығармасын орындап берді.

«Бір аспан тарихының» негізгі идеясы: «Біз нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінеміз, бірақ бәріміз – бір ғаламшардың перзентіміз, бәріміз – бір аспан астында өмір сүреміз. Өмір – ең жоғары құндылық», – деген ойды береді.

Бұл композиция «Stranger» турының алғашқы күнінен, яғни 2022 жылдың 23 қыркүйегіндегі Алматыда өткен шоудан бастап Димаштың тұрақты репертуарына енген. Содан бері әрбір концерт сайын орындалып, көрермендердің жүрегіне жол тауып келеді.

Madison Square Garden залындағы көрермендер Реквиемді көздерінде жас алып, қолдарын жүректеріне қойған күйі орындарынан тік тұрып қарсы алды. Бес, он, он бес минут бойы ешкім орнына отырмады.

Қошемет толастамай залдың да, көрерменнің де әншіге деген терең ризашылық пен бейбіт өмірге деген ортақ тілеуін білдіргендей еді.

Димаш ерекше толқып, көп сөзге бармастан, бар сезімін «Бізге бейбітшілік керек…» деген бір ғана сөйлеммен жеткізді.

Кейін Димаш жанкүйерлеріне арнаған үндеуінде Нью-Йорктегі осы концерт туралы «Армандардың тарихқа айналған сәті» атты деректі фильм дайындап жатқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...