ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Димаш Құдайбергенмен бірге Madison Square Garden сахнасында өнер көрсету...

«Димаш Құдайбергенмен бірге Madison Square Garden сахнасында өнер көрсету — бұл армандардың да шегінен тыс нәрсе». Дмитро Гордон

Dimash World «Димаш Құдайбергенмен бірге Madison Square Garden сахнасында өнер көрсету — бұл армандардың...

«Димаш Құдайбергенмен бірге Madison Square Garden сахнасында өнер көрсету — бұл армандардың да шегінен тыс нәрсе». Дмитро Гордон

Нью-Йорктегі Димаштың жеке концертіне арнайы қонақ ретінде аранжировщик әрі композитор Дмитро Гордон қатысты.

Ол Флавьен Компаньон және Доминик Бурс сынды музыканттармен бірге Уолтер Афанасьефтің жетекшілігімен «Love’s Not Over Yet» композициясын әзірлеген. Бұл туынды Димаштың репертуарына алғаш рет дәл осы Нью-Йорктегі концертте қосылды.

Сонымен қатар, Дмитро Димаштың бірнеше авторлық әндерінің аранжировкасымен айналысып, кейбірінің мәтінін жазуға да атсалысқан. Солардың ішінде «Smoke», «Fire», «When I’ve Got You» секілді тыңдарманға жол тартқан шығармалар бар.

5 қазан күні өткен «Stranger» шоуында Дмитро Димашқа сүйемел ретінде рояльде ойнап, «When I’ve Got You» әнін бірге орындады.

«Madison Square Garden сахнасында өнер көрсету – кез келген музыканттың арманы. Ал мен үшін бұл арманның орындалуы ерекше бақыт.

Бірақ дәл осы сахнада Димашпен бірге өнер көрсету – армандағанымнан да асып түсті. Маған бұл бір ғажайып түс сияқты көрінді. Кейде оянып кетіп, мұның бәрі түсім болып қалмаса екен деп қорқамын. Бақытымызға орай, сол сәттерді еске салатын фото мен видео бар (күледі).

Жалпы, сахнадағы энергия керемет болды – ол Димаштан да, музыканттардан да, тыңдармандардан да бірдей сезілді. Мен, әрине, бұл күнді мәңгі есте сақтаймын! – деді Дмитро DimashNews редакциясына берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...