ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Мехико әуежайында Димашты ыстық ықыласпен күтіп алды

Мехико әуежайында Димашты ыстық ықыласпен күтіп алды

Dears Мехико әуежайында Димашты ыстық ықыласпен күтіп алды

Мехико әуежайында Димашты ыстық ықыласпен күтіп алды

6 қазан күні Мехико әуежайында халық көп жиналып, олардың жүзінен күлкі мен қуаныш ерекше байқалды. Жанкүйерлер бұл жерге арнайы келіп, қазақ өнерпазын Мексика жерінде алғаш рет қарсы алуға жиналған еді.

Мексикадан және басқа да елдерден келген Dears ұзыннан-ұзақ «құрмет дәлізін» жасап, сүйікті әртістерін шат көңілмен қарсы алуға дайындалды. Әрбір ұшып келу залының есігі ашылған сайын, жанкүйерлер дәстүрлі мексикалық әндерді шырқап тұрды.

Димаш көрінген сәтте сезімге толы қуаныш барлық жанкүйерлерді баурап алып, Dears оны қоршай қарсы алып, көптен күткен қонақты құшақ жая қарсы алды.

«Димаш! Димаш!» деп ұрандатып, испан тілінде ән шырқаған көтеріңкі көңілдегі жанкүйерлер әртісті әуежай залында бірге ертіп жүрді.

Сол жерде, әуежайда, жанкүйерлер Димашқа TopTenMusicAward сыйлығының «Жыл дауысы» номинациясындағы кубогын табыстады.

Ал 8 қазан күні Димаш Мехикодағы әйгілі Auditorio Nacional сахнасында «Stranger» турының алғашқы жеке концертін өткізеді. Ал 10 қазанда өнерін Palacio de los Deportes сахнасында жалғастырады.

Жақында кездескенше, достар!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...