ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайды

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайды

Dimash World Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайды

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайды

Димаш Құдайберген ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, спортшыға автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді:

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

– Мишабай, бауырым! Олимпиада алтынымен құттықтаймын!
Құрметті достар! Бұл қандай мереке, қандай үлкен қуаныш!
Бүгін мұз үстіндегі қозғалысың мен шеберлігің сені жай ғана чемпион емес — бүкіл елге үміт, рух пен шабыт сыйлаған үлкен тұлғаға айналдырды.
Сен еліміздің мақтанышы, менің досым, сенің ағаң, өкінішке қарай, еліміз жоғалтқан Денистің үмітін ақтадың.
Сен оның алдында да, ел мен халық алдында да өз міндетіңді жоғары деңгейде орындадың.
Мұз үстіндегі жолың әрдайым жарық әрі шабытқа толы болсын. Өнеріңмен әлемді бағындырып, жаңа биіктерді бағындыра бер!
Олимпиадада менің орындауымдағы әнді таңдағаның үшін де ерекше алғысымды білдіремін — бұл мені де қатты қуантты, бақытты етті. Үлкен рахмет!
Осыған байланысты өз атымнан саған шағын сыйлық жасағым келеді – темір тұлпар. Екеуіміз де, Алла қаласа, елге оралғанда «Астана Моторс» – қа кел. Менен – автокөлік!
Жеңіс құтты болсын, достар! Миша, алға!

Өз кезегінде Михаил Димашқа музыкасы үшін алғысын білдірді.
Еске салайық, Олимпиададағы еркін бағдарламасын Михаил Димаштың орындауындағы «Confessa & Diva Dance» композициясына сырғанаған.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайды

Димаш Құдайберген ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап,...

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аспаздық шеберлік сабағы өтті

Ақпан айында Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Төтенше және Өкілетті Елші Ерлан Баударбек-Қожатаевтың қолдауымен «Uly Dala Dami» атты қазақ асханасына арналған...

«Voice Beyond Horizon» жобасының екінші эпизодында Димаш Құдайберген әлемге Түркістан шаһарының әсемдігі мен рухани даналығын көрсетті

Мыңжылдықтар бойына келбетін сақтаған қасиетті қала алтын түсті жылы реңкке бөленіп, таң шапағы Түркістан аспанын нұрландырды. Сегіз саяхатшы Қытай,...

Димаш Құдайберген «Ғашықтық» атты жаңа авторлық композициясын жарыққа шығарды

11 ақпанда продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасына қызу қолдау білдірген тыңдармандарына алғыс ретінде Димаш Құдайберген «Ғашықтық» атты жаңа композициясын...

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жобасының тұсаукесеріне Қытай мен Қазақстанның музыкалық сарапшылары мен БАҚ қолдау көрсетті

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының тұсаукесері Қытай және Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген оң пікірлерге ие болды....