ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген өзінің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасының тұсаукесерін...

Димаш Құдайберген өзінің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасының тұсаукесерін көрермендермен бірге өткізді

Dimash World Димаш Құдайберген өзінің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасының тұсаукесерін көрермендермен бірге өткізді

Димаш Құдайберген өзінің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасының тұсаукесерін көрермендермен бірге өткізді

5 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің мыңдаған жанкүйері өнер иесімен бірге «Voice Beyond Horizon» атты ауқымды премьерасының алғашқы эпизодын тамашалау үшін бас қосты. Жобаның бастамашысы әрі орындаушы продюсері – Димаштың өзі.

Алғашқы продюсерлік жобасын таныстыру барысында Димаш Құдайберген былай деді:

«Құрметті достар! Бүгін сіздерді осында көріп отырғаныма ерекше қуаныштымын. Осы маңызды сәтте жанымнан табылған әрқайсыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Бүгін – айрықша күн, себебі дәл бүгін «Voice Beyond Horizon» жобасының әлемдік премьерасы өтеді. Мен үшін премьераны дәл өздеріңізбен бірге өткізу – үлкен мәртебе.

Бұл жоба мен үшін аса маңызды. Мұнда мен тек әртіс ретінде ғана емес, сонымен қатар атқарушы продюсер ретінде де өз қолтаңбамды қалдырдым. Бүгін өздеріңіз тамашалайтын әрбір көріністің артында көзге көріне бермейтін үлкен еңбек, шынайы эмоциялар мен музыкаға деген нәзік махаббат жатыр деп біліңіздер.
«Voice Beyond Horizon» жобасы Қытайдың ірі телекомпанияларының бірі – Hunan TV арнасымен бірлескен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Жобаның қайталанбас ерекше форматы – қалыптасқан шеңберден шығып, музыка арқылы шекараларды жоятын шығармашылық сапар. Бұл жоба түрлі халықтардың мәдениетін тоғыстырып, ұлттық дәстүрлерді танытуға, өзара диалог орнатуға, достық пен ортақ шығармашылыққа жол ашады.

Аталған жоба Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен Qazaqstan ұлттық телеарнасының қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаны іске асыруға отандық ірі компаниялар — Qarmet металлургиялық комбинаты, Қазақмыс холдингі, АлтынАлмас акционерлік қоғамы және Нұрлан Смағұлов қоры елеулі үлес қосты. Барлық серіктестеріміз бен достарымызға сенім білдіріп, қолдау көрсеткендері үшін зор алғысымды білдіремін.

Сондай-ақ, Voice Beyond Horizon жобасының қатысушыларына ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан мәдениетіне зор қызығушылықпен, терең құрметпен қарап, осы шығармашылық сапарды жан-тәнімен сезініп, тамаша өнер көрсеткен әртістерге алғыс айтамын. Жобаға Қытай, Қазақстан, Сербия, Италия, Малайзия және Қырғызстан елдерінен келген вокалистер қатысуда. Жақын уақытта сіздер олармен жақынырақ танысатын боласыздар.
Осы жобаға мен орындаушы ретінде, сондай-ақ, ең алдымен, әр қатысушының өнерін мұқият бағалап, оларды қолдап, шығармашылық жолында жанашырлық танытып отыратын қазылар алқасының төрағасы ретінде атсалысамын. Қазылар алқасында менімен бірге Қытай елінің құрметті әріптестері — тәжірибелі музыканттар мен кәсіби мамандар да отырады. Біз бұған дейін де олармен бірқатар жобалар аясында нәтижелі ынтымақтастық орнатқан болатынбыз.
Жобаның бастау алуына қолдау көрсету үшін Лос-Анджелестен арнайы келген маэстро, композитор және продюсер Уолтер Афанасьевке ерекше алғысымды білдіргім келеді. Ол кісі бізді қолдап, Түркістандағы жобамызға бастама жасап отыр.
Құрметті достар, бүгіннен бастап Voice Beyond Horizon жобасы әлем көрермендеріне жол тартады. Әрдайым жанымнан табылғандарыңыз үшін рақмет. Көңілдеріңізден шығады деп үміттенемін!»

Көрермендер Димаш пен оның командасымен бірге шоудың алғашқы бөлімін аса қызығушылықпен тамашалап, жобаның алғашқы түсірілімдері өткен Түркістан өңірінің көркем табиғатына куә болды.

Эпизод аяқталғаннан кейін залда ұзақ уақыт бойы толастамаған қошемет пен зор ықылас көрермендердің премьераны жоғары деңгейде қабылдағандығының және Димаш Құдайбергенді ірі жобаның атқарушы продюсері ретіндегі алғашқы рөлін сәтті алып шыққандығының дәлелі болды.

Кездесу аясында шоумен қатар шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қобызшы Олжас Құрманбек «Gladiator» және «Loreen – Tattoo» композицияларын орындады. Домбырашылар Темірлан Олжабаай мен Ернат Наурыз «Алем» және «Бастау» күйлерін орындаса, Мансұр Құдайберген «When I’ve got you» шығармасының аспаптық нұсқасын ұсынды.

Кештің ерекше тосынсыйы ретінде Димаш Құдайбергеннің «Ғашықтық» әніне түсірілген жаңа mood-бейнебаянының тұсаукесері көрсетілді. Ресми премьерасы жуық арада көрерменге жол тартады.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың әндері Мексикадағы FIFA Fan Fest фестивалінде шырқалды

2026 жылғы FIFA футболдан әлем чемпионаты аясында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы Сапопан қаласында (Халиско штаты) өткен FIFA...

Латын Америкасындағы Димаштың жанкүйерлері Венесуэладағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін күш біріктірді

Димаш Құдайбергеннің халықаралық жанкүйерлер қауымдастығы тағы бір мәрте қайырымдылық бастамасы аясында бірігіп, 24 маусымда Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінен...

Испанияда Димаштың жанкүйерлері мен қазақ диаспорасы өкілдерінің кездесуі өтті

Мадридте Димаш Құдайбергеннің испаниялық фан-клубы мүшелері мен қазақ диаспорасының өкілдері бас қосты. Кездесу барысында қатысушылар өнер иесінің шығармашылығын, оның...

Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті

11 шілдеде Қазақстанның Алтай тауларының етегінде «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі халықаралық гала-концертпен аяқталды. Катонқарағай ауылының үлкен сахнасында...

Димаш Құдайберген Катон-Қарағай ауданына музыкалық фестивальге қатысу үшін келді

10-11 шілде күндері Қазақстандағы Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестивалі өтуде. Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан,...